
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019
ҚАЖ департаментінде Тұңғыш Президент күні тойланды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Парламент • 03 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 03 Желтоқсан, 2019
Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
Президент • 03 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Катар делегациясын қабылдады
Мемлекет басшысы Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019
Әлеуметтік көмек жайында жалған ақпарат таралуда
Зейнетке шығу жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу туралы таратылған хабарлама - жалған. Әр түрлі хабар таратушы мессенджерлерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы және Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 03 Желтоқсан, 2019
«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
Директорлар кеңесінің шешімімен «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2019
Қазақстандық үлесті арттырудың жаңа тетіктері қаралды
28 қарашада елордада елдегі мұнайгаз саласындағы қазақстандық үлесті арттырудың өзекті мәселелеріне арналған «Жергілікті үлесті істе дамыту» атты бизнес-тәжірибе өтті.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Семей автобустары электронды билет жүйесіне көшті
Семей автобустарында электронды билет беру жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Семей қаласының ақпараттық орталығы.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019
Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелділіктен арылуымыз қажет - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019
Үкімет салық және кедендік әкімшілендіру мәселелерін қарастырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.