Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3067 материал табылды

Пікір • 04 Қаңтар, 2024

Ұлт құндылықтары бәрінен жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сындарлы сұхбатында өзекті мәселелер көтерілген. Әсіресе Ата заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық сот, еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің стратегиялық міндеттері, Қаңтар қасіреті, Ұлттық құрылтай, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өткір тақырыптар кеңінен қамтылған.

Пікір • 04 Қаңтар, 2024

Инвестицияға қолайлы елдер қатарына кіре аламыз

Мемлекет басшысының көлемді сұхбатының екі тарауы отандық экономикаға қатысты екен. Мұндағы ең басты сұрақ – 2029 жылы стратегиялық мақсатымыз 450 мил­лиард долларлық ішкі жалпы өнімге жете аламыз ба? Әу бастағы есеп бойынша мұндай мақсатқа жету үшін жыл са­йын экономикалық өсім 5 пайыздан кем болмауға тиіс. 2023 жылы шамамен 5 пайыз өсімді қамтамасыз еттік. Бірақ онда 2024 жылы кем дегенде 6 пайыз өсімді бағындыруымыз керек.

Пікір • 04 Қаңтар, 2024

Отанды сүю – жүректен

Күнтізбелік жаңа жылдың алғашқы күндерінде ел халқы «Биыл не істейміз? Қайда барамыз?» деген ең басты өмірлік мәні бөлек өзекті сұрақтарына толымды жауап тапты.

Саясат • 04 Қаңтар, 2024

Проблемаларды тұрғындармен бірге талқылады

Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында бірқатар кездесу өткізді.

Үкімет • 04 Қаңтар, 2024

Кітапханалардың бірыңғай платформасы

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте электрондық кітапхана жүйесінің дамуы талқыланды. Жиынға Мәдениет және ақпарат, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, Ұлттық академиялық кітапхананың өкілдері қатысты.

Үкімет • 04 Қаңтар, 2024

Көлік қатынасын реттеу талқыланды

Премьер-министр Әли­хан Смайыловтың төраға­лығымен өткен жаңа жыл­дағы алғашқы жұмыс кеңе­сінде қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Заңсыздыққа қарсылық – қағидатты қоғамның міндеті

Президент сұхбатында қасіретті Қаңтар оқиғасына қатысты: «...ол кездегі ахуал өте күрделі болды, еліміз құрдымға кетуге шақ қалды. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең бас­ты міндет еді», дейді.

Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Алдымызда биік мақсат тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің дамуы мен бола­шағына бетбұрысын айқындап берді. Алдымызда биік мақ­саттар тұр. Бұл – ел мүддесін қамтамасыз ету және отандас­тарымыздың экономикалық әл-ауқатын арттыру.

Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Бағыт-бағдарымызды айқындап берді

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты халықты біраздан толғандырып жүрген көкейкесті сұрақтарына берілген нақты әрі жүйелі жауап болды. Келелі сұхбатта Қ.Тоқаев жастар және мемлекеттік қызметшілер тақырыбына арнайы тоқталды.

Пікір • 03 Қаңтар, 2024

Тағылым

Мемлекет басшысының елдің бас газетінде жарияланған мол көлемді, кең тынысты сұхбатын оқып отырғанда, ойыма ширек ғасыр бұрынғы бір оқиға оралды. Ол мені бір ыңғайсыз күйге түсірген жай болатын...