
Тағайындау • 05 Қыркүйек, 2019
Нұрмұхамед Байғара «Айқын» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған әріптесіміз, белгілі журналист Нұрмұхамед Байғара бүгін «Айқын» газетіне бас редактор болып тағайындалды. Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті
Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Мемқызметшілерді қысқартуға байланысты агенттік кеңес өткізді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Қытаймен бірлескен жобаларда қазақстандықтар жұмыс істейді - Жеңіс Қасымбек
Қытаймен бірлескен жобаларды іске асыру аясында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, оның 95%-ында қазақстандықтар жұмыс істейді. Қалған 5% - түрлі елдерден келген мамандар, оның ішінде Канада, Қытай т.б. елдерден келгендер. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Президент • 05 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын айтты. Президент мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндеттерді қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде 120 елден $330 млрд шетелдік инвестиция тартылды
Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асыру барысы туралы айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Елордада «Astana Marathon-2019» кезінде бірқатар көше уақытша жабылады
8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді. Марафонның өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелерде қатынауға шектеу қойылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Смайыл Дүйсебай таэквондодан олимпиадалық рейтингте жоғарылады
Бүкәлемдік таэквондо федерациясы олимпиадалық рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша Смайыл Дүйсебай бірнеше сатыға жоғарылады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2019
Руслан Жапаров таэквондодан Жапониядағы гран-при турниріне қатысады
Жапонияның Тиба қаласында таэквондодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.