
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2024
«Сыр медиа» холдингінің бұрынғы басшысы Арал ауданының әкімі болып тағайындалды
Қызылорда облысы, Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 22 Қаңтар, 2024
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда 25 қаңтар күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қаңтар, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Пікір • 21 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің бірнеше беделді халықаралық ұйымға, оның ішінде Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ететінін айтты. Ал бұл қордың құрылуы оңай болмағаны басы-қасында орындаушы қызметін атқарған бізге аян. 1991-1994 жылдары Президент аппараты мен министрлер кабинетінде экология және табиғатты пайдалану бөлімі болды, онда меңгерушілік қызметін атқарған едім. Сол жылдары көптеген ауқымды жұмыс атқарылды. Соның бірі – Арал проблемасын әлемге таныту, инвестиция тарту болды.
Халық • 21 Қаңтар, 2024
Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
«Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, Жамандар жақсымын деп айқайлайды. Жүрген соң бауырында күнде көріп, Таулардың биіктігі байқалмайды», дегендей қызмет барысында жүрген офицерлердің биік болмысын көрмейсің. Тек, құрметті демалысқа шыққан сәтте ғана ондай азаматтардың қадірін түсінеміз. Тау тұлғалы тәлімгерлердің бірі – әскер ардагері запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов. Кейіпкеріміз оқырмандарға бұрыннан таныс. Солай десек те, көзі қарақты оқырмандарды оның өмірімен тағы бір мәрте таныстырып өтуді жөн көрдік.
Елорда • 19 Қаңтар, 2024
Елордалық сарбаздар ант қабылдады
19 қаңтар күні Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне өткен жылдың соңында қосылған сарбаздар Әскери ант қабылдады. Әскери бөлім аумағында Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарынан келген 130-дан астам жауынгер сап түзеді. Бұл рәсімді тамашалауға сарбаздардың ата-аналары мен бауырлары және туыстары жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2024
Елімізде 208 педагог мектеп директорлығына конкурссыз өтеді
Бүгін елордада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар кадрлық резерві үлгісіндегі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған педагогтерге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сертификат табыстады. Бұл іріктеу мен біліктілік курстарынан өткендерге ешбір конкурстық рәсімдерсіз бірден бірінші басшының бос орнына тағайындалуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Қаңтар, 2024
ДСҰ міндеттемелері толық орындалды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Үкімет • 19 Қаңтар, 2024
Мобильді операторды жаңа инвесторға беру талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.