
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Осыдан он шақты күн бұрын телефон шалғанымда дауысың бәсең тартып қалған екен. Бұрынғыдай ұзағырақ әңгімелесуге құлқың болмады. Амандық-саулық сұрастық та қойдық.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Мен үшін бұл қайғы басқа қайғыға ұқсамайды. Барлық өлім қайғылы ғой, бірақ ең жақын досыңның, сырласыңның, талай-талай оқиғаларды бастан кешіріп, бір-біріміздің балаларымыздың атына дейін кезек-кезек қойысып отбасымызбен араласып кеткен жолдасыңның бақилық болғаны қабырғаңды қақыратып кетеді екен.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Соңында жақсы ізі сайрап жатыр
Сонау 1957 жылдың қыркүйек айы еді. «Лениншіл жас» газетінде бірлі-жарым ересек адамдар болмаса, дені жас жігіттер жұмыс істейтін. Олар шетінен үйленіп, жиі-жиі тойларын өткізіп жататын.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Әбілфайыз аға дүниеден озды! Ақ шашын артқа қайыра тәртіппен тараған, бір қарағанда тым қатал сияқты, ал шын мәнінде жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Әбекеңе шәкірт болған шақтарымыз кеше ғана сияқты еді-ау! Ол кісі бізге «Газетті безендіру техникасы», «Очерк», «Редактор мен корректорға қосымша көмек», «Секретариат жұмысы», т.б. пәндерден дәріс оқыды. Талап қоятын. Сол талаптың орындалуын қатаң қадағалайтын.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2019
Президент пойыз бен автобустың соқтығысуынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
Президент • 15 Қыркүйек, 2019
Президент алматылықтарды Қала күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Президент • 15 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейнешолу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 9-15 қыркүйек аралығындағы апталық жұмысына бейнешолу жарияланды. Бейнешолуды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2019
Иран әйелдердің футбол көруіне рұқсат береді
Иран президентінің парламент мәселелері жөніндегі орынбасары Хосейн Әли Әміри Үкімет иран әйелдерінің стадиондарға барып, футбол көруіне рұқсат ететін жағдай жасап жатқанын мәлімдеді.
• 15 Қыркүйек, 2019
Ник ВУЙЧИЧ: 35 мың шақырту ішінен Нұр-Сұлтанды таңдадым
Нұр-Сұлтанда әлемге әйгілі мотиватор Ник Вуйчичтің және Ицхак Пинтосевичтің қатысуымен "Победитель лени. Жизнь без границ" атты мастер-классы өтті. Бұл шараны Синергия Бизнес Мектебі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына тарту етті. Іс-шара әкімдіктің қолдауымен өтті деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.
Технология • 15 Қыркүйек, 2019
Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді
Toyota компаниясының инженерлері өте жұқа күн панельдерімен жабдықталған көлікті сынақтан өткізді. Оған жерсеріктеріне арналған арнайы тақтайшалар пайдаланылған.