Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23728 материал табылды

Президент • 24 Қаңтар, 2020

Президент әкімдермен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 24 Қаңтар, 2020

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

Түркістан облысында «Қамқорлық» жобасы жалғасуда

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметке қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның бірі – көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жағынан барынша қолдау білдіру. Осы тапсырма аясында Түркістан облысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі жандар қоларба сапасын сынақтан өткізді

Мұндай шара өңірде алғаш рет орын алып отыр. Қоларба сапасына наразылықтың жиі туындауына байланысты бірнеше тараптардың басын қосқан облыс басшылығы, мемлекет тарапынан берілетін әлеуетті өнім сапасын арттыруды көздеп отыр. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев мүгедектігі бар азаматтар мен тауар жеткізуші әлеуетті өнім берушілер ретінде қоғамдық мүгедектер ұйымдары арасында дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 24 Қаңтар, 2020

Мағзұм Мырзағалиев Shell Kazakhstan басшысы Оливье Лазармен кездесті

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Shell Kazakhstan басшысы Оливье Лазармен кездесіп, компанияны Каспий маңы бассейнін геологиялық барлауға инвестиция салу мүмкіндігін пысықтауға шақырды. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Twitter парақшасына жазды. 

Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

Астрахань тас жолында елордалық ТЖД қызметкерлері 5 адамды құтқарды

Қазіргі уақытта құтқарылған адамдардың барлығы қалаға жеткізілді.  Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық тас жолдар жабылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

«Алматы» ауданы әкімдігі «Біз біргеміз» челленджін қабыл алды

«Алматы» ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көрсетуші ұйыммен бірге «Біз біргеміз» челленджі аясында Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақты қардан тазалады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 24 Қаңтар, 2020

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді

Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 24 Қаңтар, 2020

Елордада «Біз біргеміз» челленджі бастау алды (видео)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Волонтер жылы» шеңберінде белгілі сахна шебері Т.Қабатов бастаған елордалық өнер ұжымдарының «Біз Біргеміз» челлендж-бастамасына қолдау білдіруі, біздің театрға да сілкініс берді. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының тұрғыны жалғыз басты қарт әженің үйінің алабын қалың жауған қардан тазартты.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

Елорда маңында қасқырлар жүргені туралы ақпарат жалған – Нариман Жүнісов

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарында қасқырлар туралы тарап жатқан ақпаратқа байланысты баспасөз конференциясы өтті.