
Экология • 04 Ақпан, 2020
Үш облыста ауа райына қатысты ескерту жарияланды
Көкшетау, Түркістан және Ақмола облыстарында ауа райына қатысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
Цифрландыру жобалары халықтың тұрмыс жағдайын көтере ме?
Әкімдіктермен 5 негізгі және 6 қосымша бағытта цифрландыру жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
200 кәсіпорын мен фермаларда 230-дан астам цифрлық жоба енгізіледі
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысын баяндады.
Қоғам • 04 Ақпан, 2020
Елорда әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуіне қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 04 Ақпан, 2020
«Саннан сапаға өтуіміз керек»: Б. Сапарбаев МЖӘ жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев министрліктердің басшылары мен облыстар әкімдіктерінің қатысуымен әлеуметтік салада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Ақпан, 2020
Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
600 бейнекамера Қазақстан тасжолдарын тәулік бойы бақылайды
Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биыл еліміздің тасжолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпылай алғанда, еліміздің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымында 600 бейнебақылау камерасы орнатылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 04 Ақпан, 2020
Диас Ахметшәріп жаңа лауазымға тағайындалды
Диас Ахметшәріп Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Ақпан, 2020
Мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді
Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілермен тікелей келісімшарт жасайды және бұл ереже туыстарына да қолданылады. Осы және басқа да өзгерістер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өтініші бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Ақпан, 2020
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
Үкіметте өткен баспасөз конференциясында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және көтерме-тарату орталықтарын құру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл жайында Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.