Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20292 материал табылды

Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Еңбегі ерен этнограф

Жақында Ұлттық музейдің «Археология және этнография» бөлімі ұйымдастыруымен қазақ этнография ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевтың туғанына 95 жыл толу құрметіне арналған «Этнография ғылымының көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Әдебиет • 10 Қазан, 2019

Халықаралық байқаудың жүлдегері

Белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлы Ресей Федерациясының «Золотое Перо Руси» ұлттық әдеби сыйлығының Бисер Киров атындағы күміс жүл­десімен марапатталды.

Руханият • 10 Қазан, 2019

Кемел ойлы кемеңгер

Өмір әркімнің өз үйі-құтханасынан, өз ошағынан бастау алады.Көз жасындай мөлдіреген шағын ғана жылғаның жайыла-жайыла телегей теңізге айналатыны сияқты, бір отбасының перзенті ретінде дүние есігін іңгәлап ашқан бүлдіршін мұқым халықтың бетке ұстар тұғырлы тұлғасына айналады, ұлттың ұстыны дәрежесіне жетеді, кемел ойлы кемеңгер деңгейіне көтеріледі.

Аймақтар • 10 Қазан, 2019

Аягөз қайда, су қайда?!.

Аягөз өзені – арысы 1500 жылдық тарихы бар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында, берісі ХІХ ғасырдағы ғұлама ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың ғы­лыми еңбектерінде суреттелетін, одан бөлек, уақыт толқынындағы қаншама үл­кенді-кішілі ақындардың өлеңдеріне арқау болған арналы өзен.

Руханият • 10 Қазан, 2019

«Тұлға» сыйлығын тапсыру «Егеменнің» 100 жылдық мерейтойына арналды

Жезқазғанда қаланың рухани өміріне серпін берген салтанат – «Арқаның Атымтай жомарты» атанған белгілі меценат Бекзат Алтынбековтің ұйымдастыруымен «Тұлға» сыйлығын тапсыруға арнал­ған дүбірлі кеш болып­ өтті. Мәртебесі зор бұл іс-шара мемлекет және қоғам қайрат­кері, ақ­сұңқар ақын Сәкен Сейфул­линнің 125 жылдығы мен ел газеті «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерейтойларына арналды.

Қоғам • 10 Қазан, 2019

Жемқорлыққа жығылма, сыбайластыққа сүрінбе

Жалпы жемқорлықты жалпақ жұрттың талқысына салып, көптің көңілін күпті еткен келеңсіздеу көрінеді. Олай дейтінім, белгілі топ жасаған қылмысқа оған қатысы жоқ қоғамды қатыстыру әбестік секілді. Қолы ұзынның құзырына қолы қысқаның құрығы әсте жетпеген шығар…

Қазақстан • 10 Қазан, 2019

Алда атқарылатын жұмыстардың нақты жоспары

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретіндегі Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, отандық бизнесті қолдау және мемлекетті нығайту мәселелеріне тоқталды.

Қазақстан • 10 Қазан, 2019

Биліктің беделін қалай көтеруге болады?

Мемлекетімізде басшы лауазым иелері оқыған, сауатты зиялы қауым өкілдері екенін ешкім жоққа шығармайды. Ал тек оқумен емес, тоқумен игеретін бір ғылым-білім бар. Ол – Алла берген, бірақ пенде өзі дамытуға міндетті рухтағы асыл қазына – мейірімділік.

Қазақстан • 10 Қазан, 2019

Бағдарламалық іс-шаралар талқыланды

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Руханият • 10 Қазан, 2019

Морозов орамындағы ойлар

Отыз-қырық үйден аспайтын елеусіз ғана орам. Жаңа мектеп ашылмағанда мұндай орамның бар екенін білмей де кетер ем. Биылғы жаңа оқу жылында бас қаламызда Абай Құнанбайұлы атында мектеп-гимназия ашылған. Оның ат шаптырым аумағының бір бұрышы нақ осы орамға тіреліп тұр. Баламды мектептен алып келе жатып, тура осы орамды басып өтем. Әр үйдің қақпасынан үш тілде көрнекі етіп жазылған Павлик Морозов есімін көрген сайын есіме қайдағы-жайдағы нәрселер түсіп, бойымды қызық сезімдер билейді.