Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24742 материал табылды

Тарих • 20 Наурыз, 2025

Адал достықтың үлгісі

Талас ауданы туралы әкем жиі айтатын. Бес жыл бірге оқыған досым Көшербек сол жерден дейтін. Даласын керемет суреттейтін. Бір көңілді отырғанда студент кезінде сол Таластың бір қызын жақсы көргенін еске алушы еді. Қалайда, сол киелі жермен біздің әулетте бір тылсым байланыс бар секілді. Институтты бітіріп, қолы­ма жолдама берген жер Талас ауданы болып шық­қан. Мектепте оқып жүргенде атама берген уәдем бар еді, «Сіз салдырған мектепте, әкем еңбек еткен «алтын ұяда» ұстаздар династиясын жалғастырам» деп. Алматыға барып, министрдің орынбасарына кіріп, жағ­дайым­ды ашық айтып, жолдамамды өз ауылыма бұрып алдым. Бірақ сол Таласты бір көруді армандадым.

Әдебиет • 19 Наурыз, 2025

Abai University – Абай институттарын қолдайды

Ұлттық құрылтай – еліміздегі маңызды диалог алаңы. Халықтың үнін естуге, жаңа реформаларды енгізуге, ұлттық бірегейлікті сақтап оны нығайтуға және әлеуметтік мәселелерді реттеуге бағытталған дәстүрлі басқосу бұл жолы Бурабайда жалғасын тапты, деп жазады Egemen.kz.

Баға • 19 Наурыз, 2025

Бағаны тұрақтандыру басты назарда

Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тұрақтандыру қорларында көкөністі сақтау жұмысын тиісті деңгейде атқармаған облыс әкімдерінің орынбасарларына сөгіс жариялады.

Пікір • 19 Наурыз, 2025

Торғай өңірінің дамуына тың серпін береді

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді көте­ріп, экономика, әлеуметтік саясат, заң және тәртіп, идео­ло­гиялық жұмыстар бойынша жүйелі шешімдер ұсынды. Прези­дент ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, инфра­құрылымдық жобалар, цифрландыру, білім, экология, бала­лар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бастамаларға ерекше назар аударды. Сонымен қатар Абай институты желісін ашу, ұлттық цифрлық архив құру, жаңа заңнамалық өзгерістер енгізу мен инвестициялық жобаларды іске қосу сынды маңызды қадамдар ұсынылды. Бұл бастамалар өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Пікір • 19 Наурыз, 2025

Көкейдегі сұраққа жауап

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы құрылтайда көптің көкейінде жүрген бірнеше сұрақтың түйінін тарқатып берді. Үлкен экранға шығып жатқан картиналардың идеологиялық құрал екенін алға тартты. Президенттің «жеке қаржыға түсірілетін фильмдердің өзін сүзгіден өткізу қажет» дегені кәсіби киногерлер қауымына ғана емес қоғамға да оң әсер етті.

Пікір • 19 Наурыз, 2025

Төте жол – тіршіліктің қайнар көзі

Көкшеде өткен Ұлттық құрылтайда Президент Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халық­ара­лық көлік бағытына тікелей шығатын автомобиль жо­лының құрылысын іске асырудың басталғаны туралы ха­бар­лады. Халық бұл төте жолдың тартылуын көптен бері күтіп жүр.

Пікір • 19 Наурыз, 2025

Көп үміті ақталатын алаң

Мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына бірнеше хат жолдап, сотталған әйелдердің түрмедегі жағдайына қа­тыс­ты өзекті жайттарды баяндадым. Осы жанайқайымды Мемлекет басшысы естіп, Бурабайда өткен Ұлттық құрыл­тайдың төртінші отырысында менің көтерген мәселемді арнайы атап айтты.

Тұлға • 19 Наурыз, 2025

Елге қадірлі қайраткер

Қырымбек Көшербаев – тәуелсіздік жылдары жаңарған, түлеген еліміздің қалыптасып дамуына аянбай атсалысқан елеулі тұлға. Ол – азаттық жолында қол бастаған Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың тікелей ұрпағы. Жалпы, біз Жанқожаның қаһармандығы мен өсиетін әр кез есімізде ұстауымыз керек. Заманымыздың заңғар жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Дүниеге келген әр адам қабілетіне қарай күрескер болуы керек» деген дана сөзі – баршамызға темірқазық.

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Үміт отын тұтатты

Ұлттық құрылтайда Торғай еліне қатысты бірдеңе айтылып қала ма деп елеңдеп отырғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Осы тұста тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялағым келеді. Мен үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бас­тауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтар арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл тұтас Торғай өңірінің дамуына серпін беретін ауқымды жоба» дегенін естіп риза болып қалдық.

Пікір • 18 Наурыз, 2025

Цифрландыру жанданады

Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық құрыл­тай­да цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері бойынша жасаған мәлімдемесі өте өзекті әрі уақыт талабына сай. Жасанды интеллект саласы маманы ретінде айтарым, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифр­лық тех­нологиялар мен жасанды интеллектіні еліміз­дің стра­те­гиялық басымдықтары қатарына жат­қыза отырып, дер кезінде нақты міндеттерді айқындап берді.

Яндекс.Метрика