Қоғам • 18 Қараша, 2019
Қабырғалы қарт Қаратаудың қабағы ашылмағаны қашан? Қалай ашылсын, қойнауындағы сылдырап аққан бұлақтар тартылып, аң-құс біткен жоғалып бара жатса. Бір кездері Қаратаудың ұшар басында арқар, тауешкі, елік ойнақ салып жүретін. Дуадақ, қырғауыл, шіл, бөдене, бұлдырық сынды құстар сан түрлі әуенмен маңайды шаттыққа бөлеп тұрушы еді. Бүгінде тау қойнауынан ұшқан құс, жүгірген аң көру қиын...
100 • 18 Қараша, 2019
1995 жылы түрлі себептермен «Халық кеңесі» газеті таратылып, сонда қызмет істейтін журналистерді тиісті министрлік жұмыссыз қалдырған жоқ, қолдарынан келгенше әртүрлі республикалық газет-журналдарға орналастырды да, арасында осы жолдардың авторы да бар, бір топ қыз-жігіт жыл соңына қарай «Егемен Қазақстан» газетіне қызметке қабылдандық.
Парламент • 18 Қараша, 2019
Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз
Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың «Кешегі езілген жарлы – бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы» деп жазғаны болушы еді. Қазір бұл біртүрлі естіліп, езуге күлкі үйіруі мүмкін. Ал шынында, өмір заңдылығы көп өзгере қойған жоқ: кеше аз қамтылған отбасының ізінше ауқаттылар қатарына қосылуы немесе кейбір отбасы «қоғамның осал тобының» қатарын көбейтуі ғажап емес.
Руханият • 18 Қараша, 2019
Ораз-Мұхаммед сұлтанға құлпытас қойылды
Қазақ даласынан 16 жасында тұтқында кетіп, Мәскеу патшалығында құрметті аманатта өткізген 22 жылының 10 жылын жарты патшалықтың әміршісі ретінде ел билеуге арнаған Қасым хандығының ханы, қазақ даласының сұлтаны Ораз-Мұхаммедке 15 қарашада денесі көмілген топырақта – Ресей Федерациясының Рязань облысы, Қасымов ауданында Құран бағышталып, құлпытас қойылды.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Сенатор Ләззат Сүлеймен Ақмола облысындағы соттарда болды
Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Ақмола облысының соттарында болып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу аясында олардың қызметімен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Сенаторлар газбен қамтамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты
Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Дәурен Әділбеков пен Еділ Мамытбеков елорда әкімі Алтай Көлгіновтің, энергетика министрінің орынбасары Мұрат Жүребеков, сондай-ақ «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы газбен қатамасыз ету желілері құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Елорда орталығында автокөлік өртенді
Елордада «Нива» көлігі жанып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы және гематология орталығында болды
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасына ресми сапары аясында Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен бірге Еревандағы Балалар онкологиясы және гематология орталығында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 15 Қараша, 2019
Н.Нығматулин: Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 15 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Такехико Накаоға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.