Театр • 27 Желтоқсан, 2024
«Гауһартас» спектаклінің мерейлі қойылымы
Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрында жазушы, драматург Дулат Исабековтің шығармасының желісімен әзірленген «Гауһартас» музыкалық драмасы 250-рет сахналанды. Қойылымды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барып, тамашалады.
Пікір • 27 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік әділдікті орнату – басты міндет
Санаулы күндерден кейін жаңа 2025 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан 2024 жылы Сенат депутаттары Мемлекет басшысының реформаларын іске асыруға және халықтың жағдайын жақсартуға арналған заң шығару қызметіне белсенді қатысты. Нәтижесінде, жыл басынан бері Парламент 104 заң қабылдады.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыстарға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2024
Отандық энергетика жүйесінің әлеуеті зор
Электр энергетикасы дегенде, ең алдымен, еске KEGOC түседі. Өйткені Қазақстан Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің операторы ретінде бүтін елді үздіксіз энергиямен қамтуға тікелей жауапты. Бұдан бөлек, компания шекаралас мемлекеттердің энергожүйесімен бірлесіп жұмыс істейді. Соңғы жылдары KEGOC энергетикалық инфрақұрылымның әлеуетін күшейтіп, елді сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асырып келеді. Көпшілік біле бермейтін, бірақ мемлекеттік маңызы зор жүйеге жауапты компанияның бүгінгі тынысы мен келешекке жоспары төңірегінде «KEGOC» АҚ» Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан Жазықбаевпен сұхбат құрған едік.
Университет • 27 Желтоқсан, 2024
Биыл еліміздің көшбасшы жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына – 90 жыл. Осы кезеңде білім ордасы бірнеше даму сатысынан өтті. Алыс және жақын шетелдерге қуатты зияткерлік әлеуетімен, беделді ғылыми мектептерімен танылды.
Заң мен Тәртіп • 25 Желтоқсан, 2024
Адам құқы бала құқынан басталады
Құқық – адамзат өркениеті мен мәдениетінің маңызды жетістігі, ажырамас бөлігі. Адам құқықтарының басымдықтары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында белгіленген. Ата заңымыз өзі азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына қол сұқпауға кепілдік береді.
Тұлға • 25 Желтоқсан, 2024
Темірқазығы – Махамбет, Шолпан жұлдызы – Сара...
Өлең мен ақын. Ақын мен заман. Ақын мен қоғам. Бұл ұғымдар байланысының мәні тереңде. Дәуірден озатын өлең бар. Заманнан озатын ақын бар. Қоғамды, ортасын өзіне тәнті ететін де ақын. Қазақ өлеңінің сан ғасырлық бітімі ақын-жыраулардың сөз бастаған әрі қол бастаған қалпымен айшықталатыны ақиқат. Осы санатта халқына барынша танымал, сүйікті, өлеңдегі ағаға қадірлі қарындас, құрдасқа адал дос, кішіге қамқор бола білген Фариза Оңғарсынованы айрықша атауға болады.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Шығыста «қуаныш деген – рух саулығы, бұл сезім неғұрлым көбірек болған сайын кеңістіктен қуатты соғұрлым көбірек тартады» деген түсінік бар. Албырт шағында оқуға ден қойып, жігіт шағында армандаған асуларына беттеп, отызда орда бұзып, қырықта қамал алған бұл адамды Жетісу өңірінде көш басында жүргендер жақсы біледі.
Зерде • 25 Желтоқсан, 2024
Тұрар және Түркістан үшін күрес
26 желтоқсан – қайраткер Т.Рысқұловтың туған күні. Биыл жазда Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивінен Түркияға ғылыми іссапарға жіберілген Өмірбек Қанай Түркия Республикасы мемлекеттік архивінен Түркістан республикасы атынан Тұрар Рысқұлов пен Низамеддин Қожаев, Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Башқұртстаннан 2 адам қол қойып, 1920 жылы 13 маусымда «Анкарадағы Ұлы Османлы ұлттық мәжілісіне» (яғни Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі) жолдаған хатының аудармасын тауып, көшірмесін алып келді.
Заң • 24 Желтоқсан, 2024
Балалар қуанып, әйелдер қорғалған жыл
2024 жыл елімізде ерекше оқиғалармен, айшықты істермен есте қалатын болды. Мәселен, елімізде бұрын-соңды көп айтылмаған сұрақтардың жауабы ел алдында талқыланып, көп әселе шешімін тауып жатты. Солардың бірі тұрмыстыө зорлық-зомбылыққа қатысты Заңның қабылдануы.