
Қоғам • 14 Ақпан, 2020
2020 жылғы қаңтарда қазақстандықтарға 200 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді
Қаңтар айында 2020 жылға республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 14 Ақпан, 2020
Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы Еуразиядағы көшбасшылар қатарында
2019 жылдың қараша айында Үкіметтің жарлығымен Еуразиядағы жетекші орталықтарының бірі Қазақстан Республикасының ҚМ қарамағына берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2020
Н.Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 14 Ақпан, 2020
Қар тазалау қарқынды жүргізілді
Бас қалаға биыл қар әдеттегіден өте көп жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астанаға темір жолмен қажетті жүк және жанармай жеткізу тұрақты қамтамасыз етілді.
Парламент • 14 Ақпан, 2020
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегация өкілдерімен кездесті.
Саясат • 14 Ақпан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қоғам • 14 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланғаны белгілі. Таяуда Президенттің қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімі өтті. Осы саладағы жобаларды үйлестіріп, қоғамдық мониторинг жасап, оқыту, насихаттау жұмысын жүргізетін орталықтың жұмысына қатысты жұртшылық өз пікірлерін білдіріп жатыр. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Руханият • 14 Ақпан, 2020
Сындарлы кезеңдерде бірге болдық
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов – Ақтөбе медицина институтының экономика кафедрасын, оқу орнының партия ұйымын басқару жұмыстарын атқара жүріп, сол кездегі саяси-экономикалық дағдарыстың себептері мен салдарларына білікті сараптама жасап, оны жақсарту, оңалту жолдарын ұсыну арқылы 1990 жылдың көктемінде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (Парламенттің) кезекті ХІІ шақырылымының сайлауында сайлаушылардың сеніміне ие болып, депутат болып сайланды.
Таным • 14 Ақпан, 2020
Әбілфайыз Ыдырысов – журналистиканың қара нары
Әбілфайыз Ыдырысов. Қазақтың қабырғалы қаламгері. Журналист-публицист. Ұлағатты ұстаз. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Ғұмыры ғибратты ғалым. Зейінді де зерделі зерттеуші. Жиырмаға жуық оқулық пен әдістемелік құралдың, сондай-ақ ондаған кітаптың авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше орден-медальдың иегері. Қысқасы, қазақ журналистикасының қара нары.
Таным • 14 Ақпан, 2020
Ұлттың ұлағатын, халықтың кісілік келбетін айқындайтын құндылықтарды еркін меңгерген ерен тұлғалар қатарында тұрған даралардың бірі академик Рымғали Нұрғали еді.