Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20298 материал табылды

100 • 12 Қараша, 2019

Алматы облысының әкімі Дархан Қыдырәліні қабылдады

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов басылымның ғасырлық мерейтойлық шаралары аясында Талдықорған қаласына келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана клубының» отырысына қатысқаны үшін қонаққа алғысын білдірді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Президент • 12 Қараша, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің Қазақстан әскерінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 12 Қараша, 2019

Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Экономика • 12 Қараша, 2019

Жанармай өндіру көлемі 3,6 млн тоннаны құрады

Энергетика министрлігінің деректері бойынша, осы жылғы 10 ай қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 74,8 млн тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% артық немесе осы жылғы 10 айының жоспарына 102% құрады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері талқыланды

Премьер-Министр Асқар Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Спорт • 12 Қараша, 2019

Қазақстандық зияткерлер робототехникадан өткен халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Любовь Дудченко Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында III орынға табан тіреп, қола медаль жүлдегері атанды. Ол талдықорғандық зияткерлермен бір құрама топта өнер көрсетіп, шығармашылық категорияда бақ сынады. Халықаралық жарыс 8-10 қараша аралығында Венгрияның Дьёр қаласында өтті.

Қоғам • 12 Қараша, 2019

Халықтың нақты табысының өсуі 6,4%-ды құрады — ҰЭМ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қазандағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.