Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20448 материал табылды

Президент • 21 Қараша, 2019

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 21 Қараша, 2019

Ержан Максимге қалай дауыс беруге болады

Польшада «Junior Eurovision 2019» байқауы басталады. Осынау халықаралық ән додасында еліміздің намысын жас әншіміз Ержан Максим қорғайды.

100 • 21 Қараша, 2019

«Егеменде» еңбек еткен жылдарыңыз несімен есте қалды?

Кез келген айтулы дата той­ға ғана емес, ойға жетелеп, өткен кезең­­нің «бәрекелдісі» мен «әтте­ген-ай­ларын» са­раптауға мықты себеп әрі мүм­кіндік деп санаймын. Осы тұрғыдан алғанда «Егеменнің» ғасыр­лық тарихының мен үшін екі үлкен тағылымы бар.

100 • 21 Қараша, 2019

Таралым һәм қаралым

Сандық технологияға сұраныс артып, сарытап болған басылымдар сөрелерде сол күйі сатылмай қалып жатқан тұста таралым туралы әңгіме қозғаудың өзі қаншалықты маңызды еді? Осы мақалаға отырар алдында дәл осындай қалың ойдың қақпақылында қалып қойған жайымыз бар-тын... 

100 • 21 Қараша, 2019

«Егеменде» еңбек еткен жылдарыңыз несімен есте қалды?

Әрине бір жерде көп жұмыс істеу айрықша атап айтатын да нәрсе емес шығар. Ең бастысы – онда жақсы жұмыс істеу. Мен «Егеменде» ұзын – ырғасы 47 жылдай еңбек етіппін.

100 • 21 Қараша, 2019

«Егемен» естен шықпайды

Павлодар облыстық «Қызыл ту» – қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде жұмыс істеп жүргенде «Социалистік Қазақстан» газетіне ара-тұра қысқа хабарлар жолдап тұратын едім. Өңірдің өндірістік ахуалы туралы «Сазына дейін сары алтын» дейтін көлемді дүние ұсындым. Мақала көп ұзамай жарқ етіп жария­ланды. Бас редактор Шерхан Мұртаза сол мақаланы оқып, «мына жігітті табыңдар» деп орынбасары Ержұман Смайылға тапсырма беріпті. Ерағаң қоңырау шалды. «Сол жақта жүре бересің бе, Алматыға келу ойда жоқ па? Шерағаң сені жұмысқа шақырып жатыр» деді.

100 • 21 Қараша, 2019

«Егеменде» еңбек еткен жылдарыңыз несімен есте қалды?

Маған тағдырбасты ұлттық басылымда 1978-1991 жылдары жұмыс істеу бақытын бұйыртты. Ол кезде өзі­міз Кембриджден кем көрмейтін Ленинград университетінің журфагын енді бітіргенмін.

100 • 21 Қараша, 2019

«Егеменде» еңбек еткен жылдарыңыз несімен есте қалды?

«Егемен» – менің ежелгі сырласым ғана емес, бала күнімнен жол сілтеген ақылшым, ұстазым. Әкем марқұм шала сауатты адам болса да газет оқуға құмар еді.