Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24218 материал табылды

Саясат • 20 Наурыз, 2020

Қазақстан Елшісі Камбоджа Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Пномпень қаласында Қазақстанның Вьетнамдағы, сондай-ақ Камбоджа Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Байжанов Ұлы мәртебелі Камбоджа Королі Нородом Сиамониге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күреске 1 млрд теңге бөлді

Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы • 20 Наурыз, 2020

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 20 Наурыз, 2020

Қытайдың екінші ірі банкі Астана биржасында саудаға шығарылды

Astana International Exchange (AIX, Биржа) 2020 жылғы 20 наурызда Қытай құрылыс банкінің Астана филиалының (CCB Astana Branch) Қазақстандағы юаньмен көрсетілген алғашқы облигациялары AIX ресми тізіміне енгізілгенін қуана хабарлады.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Шетел валютасын сату-сатып алудың шекті бағасы белгіленді

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Елордада коронавирус жұқтырғандардың 68 пайызы 30-49 жас аралығында

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-49 жас аралығында екенін айтты.

Президент • 20 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы волонтерлерге алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында пандемиямен күресте үлкен жұмыс атқарып жүрген волонтерлерге алғыс айтты.

Үкімет • 20 Наурыз, 2020

А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді

2020 жылғы 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Бақылау өткізу-бекетінен өту үшін азаматтар жеке куәлігін алып жүруге міндетті - А. Рысбаев

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бақылау өткізу-бекетінде полиция қызметкерлеріне көрсету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына өздерімен бірге міндетті түрде жеке куәлік пен басқа да құжаттарын алып жүруін ескертті.

Қазақстан • 20 Наурыз, 2020

Полицейлер 35 миллион жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті басшысы полковник Оңал Бекеев халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Есеп беру Facebook және  Instagram желілерінде онлайн режимінде өтті.