Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24201 материал табылды

Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Жан індеті (Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз)

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінен)  

Таным • 07 Сәуір, 2020

Халықтың біртұтастығы

Шынайы демократия негізінің қалануы 26 сәуірде Қазақстан Республикасын­да президенттік институттың жұмыс істеп келе жатқанына тура 30 жыл болады. 33 жасымда адал түрде әрі бәсе­келестік жағдайында өткізілген сайлауда бірнеше қарсыласымды жеңіп, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болғаныма 30 жыл өте шығыпты. Жоғарғы Кеңестің 12-ші шақырылымының бірінші сессия­сында ең негізгі мәселе президенттік институтты енгізу болғандығы санамда әлі күнге сайрап тұр. Ол кезде Мәскеу республикамыздың бұл жолмен дамуы­на ыңғай таныта қойған жоқ және Қазақ КСР басшылығына, ең алдымен Қазақ­стан компартиясының бірінші хатшысы – еліміздің тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Назарбаевқа қатты қысым жасады. Ал Назарбаев үшін партия жұмысы бәрінен жоғары басты әрі маңызды мақсат және менеджмент мектебі, ұйымдастыру мен басқарудың арқауы еді. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы мұны «Қарметкомбинат» пар­тия ұйымының хатшысы, содан кейін Қарағанды обкомының хатшысы және Қазақ­­стан Компартиясының хатшысы бол­ған кездері анық түсінді. КОКП-ның бас­қарушылық және бағыттаушы рөлі КСРО Конституциясында жазылған болатын, алайда горбачевтік қайта құру жылдары көптеген демократ партиялық диктаттан бас тартуды талап ете бастады. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Мұндайды ойлаудың өзі мүмкін бе еді!

Руханият • 07 Сәуір, 2020

Пәлсапа – Бекзат сана

Осы күнге дейін философия деген ұғымды мейлінше қол­данып келдік. Ойлау мәде­ниетінің басқаша сапалық түрі бо­лады дегенге мән бермедік. Білім, ғылым саласы елімізде тек батыс өркениетінің негізінде қа­лыптасқандықтан, ойлау жү­йе­міз де философиялық ұғым­мен шек­телді. Философия негі­зінен Батыс Еу­ро­пада өріс алған ойлаудың түрі. Фи­лософия ту­ралы аңыз, әңгімелер көп. Со­ның бірі философия деген ойлау тәсілін грек Пифагорға қа­тыс­ты айтады. Әл­дебіреулер Пи­фа­гор­дан кімсің деп сұ­раған болуы керек. Сон­да Пифагор сәл ой­ланып: «Мен философпын», депті. Ол не деген сұраққа, былайша жауап берген көрінеді:

Коронавирус • 06 Сәуір, 2020

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 651-ге жетті

Қазақстандағы 2020 жылғы 6 сəуір сағат 22:25-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 06 Сәуір, 2020

COVID-19 экспресс-тест тексеруінен өту үшін не істеу керек?

Төменде атап көрсетілген анамнезінде (ауру тарихында) соңғы екі ай ішінде шалдыққан ауру дерегі болған немесе қазіргі уақытта ЖРВИ, пневмония, ЖРА белгілері бар қауіп топтарындағы барлық тұлғалар:

Әлем • 06 Сәуір, 2020

БАӘ Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстанда 1 адам коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтанда - 24, Алматыда - 21, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам сауығып шықты. 

Экономика • 06 Сәуір, 2020

Ауылшаруашылығы мен кәсіпке ден қойсақ

Ғылыми–техникалық прогресс қаншама қарыштап дамып жатқанымен, адамзат өркениеттен орта ғасырға бір-ақ аттап топ ете түсетінінің шет жағасын көрсеткендей болды мына аты жаман короннавирус эпидемиясы. Егер де, қарқыны бұдан да күшейіп (құдай оның бетін ары қылсын) күллі адамзат баласы Италия елі құсап игере алмай қалатын болса одан арғысын ойлаудың өзі қорқынышты.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Елордада көшеде себепсіз жүргендер жазалануда (фоторепортаж)

«30 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдауда. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердiң қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды» дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

42500 теңге алуға өтінім беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды

42500 теңге жәрдемақы алуға өтініш беру үшін әр өңірге жеке Telegram-бот ашылды. Бұл туралы Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген болатын.