Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Президент • 09 Қаңтар, 2020

Қ.Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуе жолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 09 Қаңтар, 2020

Абайдың ұстанымдары өркениетті мемлекет қағидаларымен үндеседі - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында егемен ел ретінде өсіп-өркендеу үшін мемлекеттілігімізді нығайту керек екені айтылады.

Руханият • 09 Қаңтар, 2020

Абай бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға шақырған ­- Президент

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі №5 санында шыққан көлемді мақаласында атап өтті.

Президент • 09 Қаңтар, 2020

«Egemen Qazaqstan» газетінде Президенттің Абай туралы мақаласы жарық көрді

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі №5 санында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласы жарық көрді.

Президент • 09 Қаңтар, 2020

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020

Қаскелеңдегі жарылыста зардап шеккен екінші адам қаза болды

Қаскелең қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінде болған жарылыста зардап шеккен екінші адам көз жұмды. 

Саясат • 08 Қаңтар, 2020

Елбасы Тұңғыш Президент қоры Кеңсесінің басшылығымен жиын өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Саясат • 08 Қаңтар, 2020

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Әлем • 08 Қаңтар, 2020

Ирандағы ұшақ апаты: Жолаушылардың басым бөлігі Иран мен Канада азаматтары

Киевке бағыт алған Boeing 737 ұшағы таңертең Тегеранда Имам Хомейни атындағы әуежайынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған еді. Бортта болған 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі түгелдей мерт болды. Олар 7 елдің азаматтары болғаны айтылды. 

Спорт • 08 Қаңтар, 2020

Теннис: Зарина Диас ширек финалға шықты

Осыдан бірер күн бұрын ғана Гонконгтағы ITF санатындағы турнирде топ жарып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан Зарина Диас жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құрайтын Шэньчжэньдегі жарысты да сәтті бастады.