Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3560 материал табылды

Тұлға • 22 Қараша, 2024

Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым

Қазір еліміз жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Азаматтардың бойына уақыт талабына сай дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнықты. Әсіресе қоғамдық-саяси болмысымыз, қалпымыз бен мәдени кодымыз өзгере бастады. Соңғы бес жылда елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Саяси жүйе түбегейлі өзгерді. Жұртшылықтың сана-сезімінде соны бетбұрыс байқалады. Халқымыздың құқықтық мәдениеті өсті. Осының бәрі қоғам өмірінде жаңаша көрініс тауып отыр.

Сұхбат • 22 Қараша, 2024

Бибігүл Төлегенова: «Бұлбұл» атандырған халқыма разымын!

Қазақ өнерінің паспорты іспетті, әлемді әнімен тамсантып, талай талантты шыңдап шығарған ерекше дарын иесі, аңыз әнші Бибігүл Төлегенова өзінің 95 жасында жеке шығар­ма­шы­лық кешін өткізгені – тарихта есте қалар оқиға, ұмы­тыл­мас естелік. Ерен өнер иелерінің басын жинаған өнер кеші «Астана Опера­ның» үлкен сахнасында аншлагпен өтуі – елорданың жоғары мәдениетін, жарқын сәттерін көрсетеді. Кеш алдында қайталанбайтын сәттерді пайдаланып, Бибігүл Ахмет­қызынан эксклюзив сұхбат алып үлгерген едік.

Мирас • 22 Қараша, 2024

Қазақ эпостарының құнарлы қайнары

«Алтын Орда дәуірінің фольклоры мен әдебиеті, өнері мен мәдениеті» деген тақырып Еуразия түркі халықтарының гуманитарлық ғылымында кеңес өкіметі құлағаннан кейін ғана орныға бастады. Бұл орайда, кейінгі жылдары татар, башқұрт, ноғай ғалымдарының Алтын Орда дәуіріндегі рухани алтын өзекті аршып көрсетуге байланысты батыл ізденістер жасап жатқаны атап айтуға тұрарлық. Ол зерттеулердің барлығында арғы бастауын Ұлық ұлыс дәуірінен алып, кейіннен түркі халықтарының мұрасында шалқарын тапқан шығармаларды «Алтын Орда дәуірінің мұрасы» деп қарастыруды жөн санайды. Бұл мақала көлемді ғылыми жұмыстың қысқаша баяны. Дегенмен сол көлемді дүниенің маңызды деген тұстарын түйіндеп көпшілікке ұсындық.

Тарих • 22 Қараша, 2024

Мәмбет аталық

Ресейдің көптеген архив жазбасы мен ХVІІ-ХVІІІ ғасырларды қамтыған сирек кездесетін кітаптарында есімі қалған Мәмбет аталық өз заманының айтулы тұлғаларының бірі болды. Орыс елшісі полковник А.Тевкелевтің жазбаларында, жазушы А.Сергеевтің «Петербургский посол», даңғайыр жазушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбайдың «Елең-алаң», «Үркер» атты романдарында да Мәмбет аталық туралы деректер келтіріледі. Сондай-ақ Орынбор облыстық архивінің №6, Орынбор шекара комиссиясының №4 қорлары мен басқа да архив қорларында аталған тұлғаға қатысты жазба-құжаттарды молынан кездестіруге болады.

Ғылым • 21 Қараша, 2024

Ұстаз тәлімі

Өскелең ұрпақ үшін тәлім-тәрбие алатын ұстаздың тұлға­сы қашанда биік. Ол сезім мектеп жасынан басталып,­ кейін жоғары оқу орындарында білім алып, маман болып қалыптасқан кезеңде де, ғылым жолына түсіп, сол салада алғашқы қадам жасағаныңда да жалғаса береді. Себебі осы уақыттың барлығында да алғашқы кеңесші болатын ұстаз қасымыздан табылады. Менің өмір жолымда да осындай аяулы жандар көп болды.

Зерде • 21 Қараша, 2024

Елорда Шерхан Мұртаза даңғылымен асқақтауға лайық

Таяуда түсіме Шерағаң кірді. Мен қазір Астанадағы «Самал» шағын ауданында тұрамын. Тү­сімде сыртқа шығып, әдеттегідей үйіміздің жанында тұр екенмін деймін. Кенет дәл алдыма есік пен төрдей, жарқыраған ақ машина келіп тұра қалды. Машинаның ішінен Шерағаның жүзі көрініп, «Әй, Болат, бері жақында, отыр менің қасыма» деген даусы анық естілді. Қолма-қол шұғыл қимыл­дап Шерағаңның жанына барып отырдым.

Тұлға • 20 Қараша, 2024

Терминтану тамыршысы

Биыл тіл білімінің тарландары, үш құрдас – Әбду­әли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбай сынды әйгілі акаде­мик­тердің ғасырлық тойы бас­талып кетті. Үшеуі де Ахмет Бай­тұр­сынұлы атын­­дағы Тіл білімі институтында тапжылмастан жар­ты ға­сыр­дан астам қызмет етіп, саналы ғұмырын туған тіл­­дің дамуына арнаған еді. Міне, осындай тұғырлы тұлға­лар­мен бірге еңбек етіп, тәлімін бойына сіңірген ғалымның бірі – Шерубай Құр­ман­­бай­ұлы.

Көрме • 20 Қараша, 2024

Помпей мен Сарайшық

Сурет өнері көне шаһарды қалай жаңғырта алады? Бала кезімде кітаптан көріп, маған әсер еткен бір сурет болды. Карл Брюлловтың атақты «Пом­пей­дің соңғы күні» картинасы. Кейін Санкт-Петербордағы мем­ле­кеттік орыс мұражайынан тама­ша­ладым. Ал бірнеше жыл бұрын Италиядағы Помпей архео­логиялық кешенінде болып, ерекше күйде оралдым. 

Тұлға • 20 Қараша, 2024

Баспасөзден қол үзбеген

Қазақ әдебиетінің классигі, сан қырлы талант иесі Бейімбет Майлиннің шығармашылық қызметінің журналистік қырына тоқталуды жөн көрдік. Ол бар саналы ғұмырын баспасөзге арнады. Бұл саладағы алғашқы қадамын болашақ жазушы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде-ақ «Садақ» атты қолжазба журнал шығаруға атсалысқаны көзіқарақты оқырманға мәлім. Бейімбет оның әрі редакторы, әрі тұрақты авторы ретінде танылды.

Сұхбат • 19 Қараша, 2024

«Естігенді емес, көргенді жазған әсерлірек»

Қасиетті Қызылжар топырағында кіндік қаны тамып, білім-білігімен, қарым-қабілетімен ұлтқа, елге, жерге адал қызмет еткен жандар аз емес. Солардың бірі – ақын, журналист, сазгер Шашубай Малдыбаев.