Қоғам • 12 Мамыр, 2020
Сақтық шараларын жалғастыра беру қажет
Сонымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесінде айтылған оқиға орын алды. Дәлірек айтсақ, 11 мамырда төтенше жағдай алынып тасталды. Алайда қоғамдық қауіпсіздік үшін карантин режіміне байланысты шараларды сақтау өте маңызды.
Парламент • 12 Мамыр, 2020
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режімі аяқталғанын хабарлады. Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысы жасалды.
Руханият • 12 Мамыр, 2020
Ел деп қызмет еткен ердің үлгісі
Жол жолға жалғасады. Әлімсақтан келе жатқан адамзаттың жолы бар. Бір сүрлеу өшеді, бір соқпақ өседі. Даңғыл, даңғайыр жолға айналады. Ел елге жалғасады. Әзелден келе жатқан адамзаттың елі мен жұрты бар. Бір жұрттар жоғалады, тарих бетінен сызылады, келесі бір ел күшейеді, қуатты, тегеурінді мемлекет құрады. Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды. Міне, елшілдік, мемлекетшілдік сана осы бір ұлы мұраттың жүгін құмырсқа белдей қайыспай көтере білуден туатын болса керек.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2020
Жауынгердің денесі елімізге жеткізілді
1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті әскери бортпен елорданың авиациялық базасына жеткізілді.
Руханият • 12 Мамыр, 2020
Өзбекстан халқы да 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіске лайықты үлес қосты. Соғыс басталған кезеңде Өзбекстанда 6,5 миллион адам болса, оның 1,5 миллионнан астамы соғысқа қатысқан. Олардың ішінде 604 мың 52 жан соғыстан мүгедек болып оралса, 450 мыңнан астамы майдан даласында мерт болған.
Президент • 12 Мамыр, 2020
Қ.Тоқаевтың ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемкомиссияның отырысында сөйлеген сөзі
Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады.
Экономика • 12 Мамыр, 2020
Елімізде ауылшаруашылық саласы еңбеккерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы қамқорлықты сезінген һәм өмір сүру деңгейін жақсарту, табысты өсіру жолындағы қолдауды барынша пайдаланған Бәйдібек ауданының еңбекшілері өткен жылды толағай табысымен аяқтады.
Өнер • 12 Мамыр, 2020
Қайыстан қамшы өріп, жүген түйген
Қазақтың қолөнері – ұлттық мұрамыз, халық қазынасы. Ұлттық қол- өнеріміз халықтың этикалық, эстетикалық, мәдени дәстүрін көрсетеді. Қазақ халқының таза, табиғи материалдардан жасалатын қолөнері бүгінде ұлттық брендке айналып келеді.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Ұлтқа қызмет етудің ұтымды жолы
Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дүниетанымдық-идеологиялық сипаттағы мақаласының жарыққа шыққанына үш жыл толып отыр. Өткен үш жыл ішінде осы бағдарламаның институционалдық қоры құрылып, бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың өткені мен бүгінін және болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын идеялық платформаға айналды.
Қоғам • 12 Мамыр, 2020
Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа форматы
Елімізде Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында үш айлық оқуды аяқтады. Іс-шараның үйлестірушісі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, ал оқытуды «Эрнст энд Янг Қазақстан» компаниясы жүргізді.