Саясат • 21 Наурыз, 2025
Сенімге негізделген әріптестік
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.
Үкімет • 21 Наурыз, 2025
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Үкімет • 21 Наурыз, 2025
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысына барып, өңірдегі су тасқынына дайындық жұмыстарымен танысты. «Tasqyn» жүйесінің болжамды деректерін талдап, өзендер мен сай-саладағы су деңгейін нақты уақыт режімінде бақылап отырған ахуалдық орталықтың жұмысын көрді. Сондай-ақ шұғыл отырыс өткізді.
Саясат • 21 Наурыз, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Берік Арынмен кездесті. Тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мәселелерді талқылады.
Руханият • 21 Наурыз, 2025
Ақпарат және мәдениет министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейі және Торғайдың «Жанкелдин музейлер кешенінің» ұйымдастыруымен Астанада «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты дөңгелек үстел өткізіліп, көрме ашылды. Дөңгелек үстелге модераторлық еткен Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Алаш арысы, ұлтының болашағы үшін басын қатерге байлап пассионарлық қызмет жасаған Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына байланысты іс-шаралардың бастау алып, еліміз бойынша жаппай атап өтілетініне сенім білдірді.
Ұстаз • 21 Наурыз, 2025
Наурыз мерекесінің бір шарты – ұстаз тәліміне, өнегесіне құрмет болу керек деп ойлаймыз. Ұлт салт-дәстүрі, жаңарудың пәлсапасы осыны талап етеді.
Аңдатпа • 21 Наурыз, 2025
21 наурыз - Елорда төріндегі Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Қаллеки тынысы» атты спектакльдер шеруі аясында «Жошы хан» тарихи драмасын ұсынады. Драматург Думан Рамазанның авторлығы және Болат Ұзақовтың режиссерлігімен дайындалған туынды түркі баласының бір тудың астына жиылу кезін бейнелейді.
Тағзым • 20 Наурыз, 2025
19 ақпанда басталған «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы ат басын тіреді.
Пікір • 20 Наурыз, 2025
Әлеуметтік жобаларға серпін береді
Ұлттық құрылтай Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде қоғамдық бірігуді нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен стратегияларды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Ұлттық құрылтай алаңында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қоғамдық мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары ұсынылады. Солардың бірі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту жайы.