
Руханият • 05 Мамыр, 2020
«Даңқ» орденімен марапатталған
Сұрапыл соғыстың салған сергелдеңі жайында әр әулеттің өз естелігі бар. Менің әкем майдан даласында ерекше ерлігімен көзге түсіп, кеудесіне сол ерлігінің айғағындай медаль мен орден ілген. Елге келген соң да елеулі еңбек етіп, аз ғұмырында өнегелі өмірімен есте қалды.
Таным • 05 Мамыр, 2020
Майданда да, тылда да ерлік көрсетті
Майдан даласында от кешіп те, тылда аянбай тер төгіп те Жеңіске үлкен үлесін қосқан әкеміз Абузәкір Жақияұлын әрдайым еске алып отырамыз.
Руханият • 05 Мамыр, 2020
Қабірі жетпіс жылдан кейін табылды
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыс бір ғана Кеңес Одағының өзінен 20 миллионнан аса адамның өмірін жалмады. Қанды майданнан қайтпаған жауынгерлердің көбінің артында балалары қалды. Сол балалардың бірі мен едім.
Тарих • 05 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстың қайғы-қасіретін тартпаған отбасы болған жоқ. Әр әулетте соғыстың шері бар. Ол ешқашан ұмытылмақ емес. Соғыс салған жарақаттың салдарынан біздің әкеміз де дүниеден ерте озды.
Экономика • 05 Мамыр, 2020
Кәсіпкер әйелдер көшін бастаған
Ауылда да өмір бар. Өмір болғанда қандай! Қиындығы, қызығы, қызуы мол, қайнаған өмір. Ауылда тұрып та бизнесті өрістетуге, қызметте өсуге болады. Міне, мұны нақты істе дәлелдеумен жүрген қыз-келіншектеріміз қатарының жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантады. Каменка ауылына келін болып түскеніне ширек ғасырдан астам уақыт өткен кәсіпкер келіншек, қоғам белсендісі Эльмира Мырзагелдиева осынау шоғырдан ойып орын алған.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Қандастарымыздың мұңы – біздің мұңымыз
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 17 наурыздағы санында жарық көрген «Халық санын қандастар көшінің есебінен көбейте аламыз ба?» атты мақала өте өзекті мәселені қозғапты. Көлемді мақалада қандастардың мәселесі жан-жақты терең талданып, жүйелі ұсыныстар жасалған.
Таным • 05 Мамыр, 2020
Ұлы ғұламаның шынайы өмірбаяны
Биыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық тойы. Ұлы ойшылдың мерейлі датасын мемлекеттік деңгейде тойлау – «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес болашақ жастардың патриоттық сезімін оятып, елін сүюге тәрбиелеу үшін жасалып жатқан маңызды шара деп білеміз. Десек те, ескерілмей отырған нәрселерді атап кеткеніміз дұрыс. Солардың ең бастысы, әл-Фараби бабамыздың өмірбаяны әлі күнге дейін дұрыс жазылмай келеді. Әсіресе өмір дерегіне қатысты Отырар қаласы мен Ұлы Отырар кітапханасының маңызы айтылмай, кеңес өкіметі кезінде еуроцентристік бағытта бұрмаланып жазылған деректер әлі күнге қайталанып жүр.
Руханият • 05 Мамыр, 2020
Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, санамызды жаңғырту, жадымызды дамыту – дүниежүзілік өркениет кеңістігінде жойылып кетпеудің шарты. Осы тұрғыда 2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққаны белгілі.
Руханият • 05 Мамыр, 2020
Ұлық Ұлыс тарихындағы Сарайшық
Әлемдік тарих ғылымында Жошы ұлысы немесе Дешті Қыпшақ даласы атанған сонау Ертіс пен Дунай аралығын қамтыған ұлан-байтақ территорияда мемлекеттік маңызға ие болған қалалар көп емес. Бүгінде зерттеушілер осы аралықтағы қалалар санын 150-ге жеткізді. Олардың ішінен Бату хан сол заманда аты әлемге белгілі болған Қырым, Маджар, Үкек, Қазан, Қажы-Тархан (Астрахан), Сарайшық қалаларының негізін қалауымен дараланады.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Қадіріңе жетерміз бе, Қара жер...
«Анам да болған Қара жер, панам да болған, Қара жер!» депті бабаларымыз. Тіршілік атаулының иесі де, киесі де Қара жер деп білген олар бұл сөзді Жаратушының өзіне балап айтқандай, тіршіліктің көзі ғана емес, өзі деп біліп қайрылғандай. Бәлкім, есте жоқ ескі кездерде Қара жер, Көк аспанды ұлы қамқоршы тіршілік иесі деп біледі. Сондықтан да біз осынау киелі тіркестегі екі сөзді бірге жазып отырмыз. Тіпті көне тас, қола дәуірлері дейміз бе, скифтер, ғұндар, сарматтар, массагеттер кезеңдері дейміз бе, әйтеуір талай-талай мемлекеттер, империялар дәуірлеген, талай-талай тарихтың теперішін көріп, Жер бетінен жоғала жаздаған, алайда майысса да сынбай, осынау Ұлы далада малын бағып, оған қоса жанын бағып жүрсе де әлем өркениетінен қалыспай өз мәдениетін, ғажайып салт-дәстүрін, өмір сүрудің өзіндік ерекшелігін қалыптастырған біздің бабаларымыз емес пе еді.