
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Бахрейн инвесторлары Нұр-Сұлтанда мектеп салып жатыр
Елорда әкімі Алтай Көлгінов екі жекеменшік мектептің құрылысымен танысты. Инвестициялық кеңесте әкімдік білім беру саласындағы 20-дан астам жобаны қолдады. Аталған мекемелерді іске асыру шамамен 25 мың оқушы орнын және 4,5 мың мектепке дейінгі оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Коронавирус • 05 Мамыр, 2020
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 11 азамат ауырғандармен байланысқан
COVID-19 инфекциясы вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды зерттеу барысында Арыс қаласының 1963, 1970, 1977, 1982, 2006, 2017, 2013 жылғы тұрғындарынан және 1992 жылғы 2 азаматшадан анықталып, тіркелді.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Жұмыспен қамтудың жол картасында 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба қамтылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 05 Мамыр, 2020
Мұғалім мен ата-ананың бірлігі керек
Қазіргідей жағдайда әлемдік білім жүйесі қашықтан оқытудың тиімді екенін айтуда. Онлайн сабақтар еліміздің цифрлы дамудағы алғышарттарының бірі. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, 107 елде 861 млн-нан астам оқушы бар, соның ішінде 12 мемлекет жергілікті мектептерін жапты. Яғни мектептердің жабылуы дүние жүзіндегі оқушылардың 87 пайызының білім сапасына қатты әсер етпек.
Білім • 05 Мамыр, 2020
Елдегі жалпы карантиндік жағдай білім беру мекемелері үшін сынақтан өтудің әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің мүмкіндігі. Пандемия кезінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Жаңа ғасыр» №175 гимназиясы – қашықтан оқытуды талапқа сай ұйымдастырып отырған білім ошақтарының бірі.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Әзербайжан шах-палауынан дәм татты
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі мерекені сезінуге мүмкіндік алу үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көп балалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Себетте әзербайжан шах-палауы мен азық-түліктері қамтылды.
Білім • 05 Мамыр, 2020
Мектеп оқушыларына 5-6 мамырға арналған бейнесабақтар кестесі
Өнер • 05 Мамыр, 2020
Ғашықтардың піріндей Төлеген мен Қыз Жібек
Елордамыз Нұр-Сұлтан – жастық пен асқақ арманға, махаббат пен шаттыққа толы ару қала. Бүгінгі менің толғанысыма арқау болған дүние, астанамыздың жасампаздық келбетімен байланысты өзім куә болып келе жатқан шынайы әңгіме. Себебі тәуелсіз еліміздің астанасы – қаншама жас арманды табыстырды, қаншама тағдырды тоғыстырды. Бұл оқиға – сол мыңдаған мысалдың бірі ғана.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының әрбіріне гуманитарлық жәрдем ретінде 5000 тоннадан ұн жеткізіп беру ұйғарылды.
Тарих • 05 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Егер адамзат өзінің болашағын сақтап қалғысы келсе, өткен күнге көз тастап, қорытынды шығаруы тиіс. Демек, неміс фашистері бастаған алапат қырғында құрбан болғандарды ұмытуға хақымыз жоқ.