Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24120 материал табылды

Әдебиет • 20 Мамыр, 2020

Суреткердің серті мен дерті

1850 жылы 18 тамызда Парижде атақты Оноре де Бальзак дүние салды. Күні кеше ғана әр шығармасының жарық көруін сағына күтіп, тағдырлы туындылары ең жақын сырласы, нағыз досына айналған оқырмандар үшін қабырғалы қаламгердің қазасы орны толмас ауыр қайғы болды.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Ескерусіз жүрген таптырмас мамандандық

Бүгінде мұрап дегеніңіз елеу­сіздеу кәсіп көрін­ген­мен, егін шаруашылығы са­ласында таптырмас ма­манға айналып тұр. Өйт­ке­ні егістіктен мол өнім алу – сол мұрап тарапынан таны­тылар ерекше бап пен күтім арқылы ғана мүмкін болмақ.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Оңдасын Елубай - қаламын еркін сермеген журналист

Спорт! Осынау жалғыз ауыз сөздің аясы өте кең. Құдіреті де, ғажайып өнердің қиял құшағы жетпейтін, сыр-сипатын әйгілі спорт тамыршысы, сайыпқыран суреткер қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов «Арбаған мені бір сиқыр» деп тамаша бедерлеп, бейнелеген ғой. Ақиқатын айту керек, спорт тылсымын сөз зергері, сүйікті ұстаз Сейдағаңдай жеріне жеткізіп, жілігін шағып, майын тамызып, мөлдіретіп тербеген нағыз алаугер журналист, жанкешті жазушы некен-саяқ. Әй қайдам, жоқтың қасы десек те болар еді. Сөйтсе де ауызды қу шөппен сүртпелік. Спорт тақырыбын тереңнен қаузап, жан-жақты зерттеп, ұңғыл-шұңғылын қопарып жазып жүрген спорт журналистерінің қатарын тізсек , екі қолымыздың саусақтарын санамаласақ та толтыра алмаймыз. Тағы да қайта қинала ескертеміз, спорт тақырыбының білгірлері тым аз.

Президент • 19 Мамыр, 2020

Одақ Стратегиясы қайта қаралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне конференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты. Президент Одақтың стратегиясын қайта пысықтауды ұсынды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Коронавирус • 19 Мамыр, 2020

Елімізде 26 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қазақстанда тағы 26 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.

Қоғам • 19 Мамыр, 2020

«Nur Suńqar» журналистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауының басталғанын хабарлады.

Коронавирус • 19 Мамыр, 2020

COVID-19: 6 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 6 науқастың реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылғанын хабарлады.

Президент • 19 Мамыр, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне конференция форматында өткен кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Мамыр, 2020

Қазақстан авиация саласындағы CAPSCA келісіміне қол қойды

Қазақстан Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Білім • 19 Мамыр, 2020

ЕҰУ салалық журналистика мамандарын даярлайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналист мамандарын даярлауда жұмыс берушілер сұранысын ескере отырып, жаңашыл бағыттағы тілшілерді оқытып келеді. Биыл оқу орны ақпараттық жүйелер, дизайн, журналистика сала мамандары бірлескен «Цифрлық медиаменеджмент» оқу бағдарламасы бойынша алғашқы түлектеріне диплом береді.