Абай • 01 Шілде, 2020
Ақыл-ой алыбын ардақтады (Польшада Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай пошта маркасы шығарылды)
Қазақтың бас ақыны, ағартушы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойы халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтілуде. Ұлтымыздың даңқты перзентін ұлықтау шарасы Поляк елінде де өз жалғасын табуда.
Руханият • 01 Шілде, 2020
Сәулетші туралы сөз еткенде, оның өзін жыға танымаған адам, қай жерде қандай қолтаңбасы бар екендігіне ой тоқтатып, көзі жеткенін бағалап, саралап, сүйсініс сезіміне ерік беріп, әлгі идеялардың авторына ыстық ілтипатымен құлай беріліп, сырттай болса да сол бейтанысына тілеулес болып жүреді. Егер дәм-тұзы 80 жасына 24 күн жетпей түгесілмегенде, отандық сәулет өнерінің саңлағы, «КAZGOR» жобалау академиясын 45 жыл бойы үздіксіз басқарған талантты ұйымдастырушы Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов өз мерейтойының төрінде бақыттан басы айналып отырар еді-ау! Өкініш өзекті өртейді. Әйтсе де көңілге медет жайларды амалсыз саралап та қаламыз. Еңсені тіктеу үшін, боркеміктенген ойды бекітіп алмаққа, кімнің кім екенін ажыратпақ мақсатпен. Қаралы митингіде Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхаты оқылып еді. «...Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады».
Елбасы • 01 Шілде, 2020
Астананы ауыстыру – Елбасының жасампаз идеясы
Бірнеше күннен соң қазақстандықтар мемлекеттік мереке – астана күнін атап өтеді. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының ресми жылнамасы 1998 жылы басталғанымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кезеңдегі экономикалық дағдарысқа қарамай астананы ауыстыру идеясын ұсынуын 1990 жылдардан бастап посткеңестік кеңістік пен елімізде болған саяси оқиғалардан бөліп жаруға болмайды дер едік.
Әлем • 30 Маусым, 2020
Қазақстан мен Малайзия ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Қазақстан мен Малайзия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда жаңа көше мен саябақ ашылады
Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысушылардың орташа жалақысы – 120 мың теңге деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігінде коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды
Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес барысында жеке құрамды карантиндік шаралар жағдайында жауынгерлік даярлау және оқыту мәселелері, Қарулы Күштердегі коронавирус індетімен күрес жөніндегі іс-шаралар талқыланды, - деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Маусым, 2020
Президент Қазақстан-Иран арасындағы өзара құқықтық көмек туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран арасындағы өзара құқықтық көмек туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 2,7 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралдары берілді
Осы жылдың басынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын іске қосты. Бүгінгі күні портал арқылы 2734 оңалтудың техникалық құралдары берілді. Шамамен 3000 тапсырыс жеткізілу сатысында, - деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметі.
Қоғам • 30 Маусым, 2020
Жалпыәскери жарғыларына өзгертулер мен толықтырулар қатары дайындалды
Қорғаныс министрлігімен "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы әзірленді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Елорда • 30 Маусым, 2020
Елордада нөсер кәрізі желілері орнатылып жатыр
Жөндеу жұмыстары басталған алғашқы - Ташенов көшесі осы себеппен жарты айға жартылай жабылады. Аталған учаскеде нөсер кәрізі тартылып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.