Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23569 материал табылды

Экономика • 25 Маусым, 2020

Ауылдың көсегесін кооператив көгертеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Үкімет, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамытуды тапсырды. «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырамын. Кейін оның ауқымын кеңейтіп, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама әзірлеуге болады», деді Мемлекет басшысы.

Ең қысқа әңгіме • 25 Маусым, 2020

Өмірге қайта келгендей...

Кардиология және ішкі аурулар ғы­лы­ми-зерттеу институтының бас­қар­ма төрайымы Роза Қуанышбекова ин­­ституттың кардиохирургтар ко­ман­­­дасымен аорта қақпақшасын биоло­гия­лық протезбен алмастыру және аорта­ко­ронарлық шунттеу операциясынан ке­йін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. Ол туған күнінде реа­нимациядан палатаға ауыстырылды. Роза Тоқтанәліқызы оның оптимистік көз­қарасы мен ота жасатқан кезде ба­тыл­дығын атап өтті.

Қоғам • 25 Маусым, 2020

Біз – еріктіміз!

Батыс Қазақстан Жоғары меди­ци­на­лық колледжі жанында жас­тарға аза­маттық-патриоттық, эсте­тикалық-эко­логиялық тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттайтын пәндік үйір­мелерге 800-ге жуық студент – мүше.

Елбасы • 25 Маусым, 2020

Сәулетші

Көшбасшылық жөніндегі еңбек­тердің басым бөлігінде қарас­тырылған мәселелердің бірі – басшы мен көшбасшы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар. Бұл саладағы көптеген зерттеулерде көшбасшылықтың басқарудан өзгеше, деңгейі жоғары процесс екені жөніндегі қорытынды тұ­жырымдар кездеседі. Басшы мен көшбасшы арасындағы ең маңызды айырмашылық – тіпті қиял­дауға болмайтын мақсат тө­ңі­­регінде көпшілікті біріктіріп, сен­діруі, сол іске жұмылдыруы. Сол себепті егер басшы болсаңыз, қолдан келетін, күнделікті істерге көңіл бөлесіз; ал шын көшбасшы болсаңыз, кездейсоқтықты мүм­кіндікке айналдырасыз. Бұл сонымен қатар, көшбасшы мен оның соңынан ерген көпшілік ара­­­сындағы тылсым күшті де көр­сетеді. Осындай көшбасшылар көп­­шіліктің «бұл мүмкін емес» деген нәрселерін жүзеге асыра алады.

Оқиға • 25 Маусым, 2020

Халел жайлы тың дерек

Қазақ әрбір әрекетін айқындайтын ғибратты сөз қалдырған. Соның бірінде «Толған ел тарихын таспен жазады» депті. Арғы-бергі дәуірдің сайын даладағы жылнамасы – әр төбенің басындағы мүлгіген молалар, маңғаз құлпытастар. Атырау облысындағы Тайсойған құмында да көне тарихты бүгінге жалғап жатқан мұндай жәдігерлер жеткілікті.

Оқиға • 25 Маусым, 2020

Жолда құрылыс қарқынды

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары сала­сын­дағы ірі рес­пу­бликалық «Жетібай – Жаңаөзен» жобасын іске асыру шаралары аяқ­та­луға жақын. Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұ­мыс­тар осы жылдың нау­ры­зында аяқталған болатын.

Әлем • 24 Маусым, 2020

Қазақстанның Чехиядағы елшілігі мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі Оржехов қаласында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған 1250 кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған 10 мемориалды тақтаның ашылуына арналған салтанатты шараға қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 24 Маусым, 2020

Казақстан Азаматтық альянсының президенті сайланды

Қазақстанның Азаматтық Альянсы Кеңесінің кезектен тыс отырысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахимбекова Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 24 Маусым, 2020

Ресейдегі Жеңіс парадына Қазақстан атынан 55 сарбаз қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қоғам • 24 Маусым, 2020

Елорда тұрғындары “Халық алғысы” медалімен марапатталды

Biz Birgemiz онлайн-форумы аясында "Халық алғысы" медалімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.