Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23569 материал табылды

Елбасы • 03 Шілде, 2020

Елбасына ыстық ықыластарын білдірді

Елорда күніне және Елбасының туған күніне байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай көптеген хат келіп түсуде, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Елбасы • 03 Шілде, 2020

Елбасы тағылымы

Өздерін жер-жаһандағы демократияның атасы санайтын америкалықтардың әлемдік саясаттануға енгізген «мемлекет құрушы әкелер» дейтін қастерлі ұғымы бар. Көпті көрген, көп оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзімен айтар болсақ: «Барша қазақстандықтар үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның мемлекет құрушы әкесі». Ешбір артық-кемі жоқ, дәл осылай айтты және бұл – ешкім күмән келтірмейтін ақиқат.

Қазақстан • 02 Шілде, 2020

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 02 Шілде, 2020

Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 405,23 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

Руханият • 02 Шілде, 2020

Сарғайған суреттерде сағыныш бар

Көптеген отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан жазбалар, қойындәптерлер, ашықхаттар (открыткалар), бәзбіреулерінде, тіпті, жеке жанның қағазға түсірген сырға толы күнделіктері барына күмән келтірмеймін. Олар – әрбір отбасының шежіресі, тарихы, архиві, өткен күндердің жарқын елесі, кейбір жандардың ешкімге жария етпеген құпия сыры, жүрек түбінде бұғып жатқан алтынға бергісіз қымбат дүниесі десек те болады. Кей отбасыларында атадан балаға мирас болып келе жатқан көне фотосуреттер, хаттар, кітаптар да сақталған. Соларды көз қарашығындай сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп жүрген азаматтардың ұқыптылығына, игілікті ісіне шексіз риза боласың. Егер ондай жандар болмаса не болар еді?

Елбасы • 02 Шілде, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы

Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады.

Абай • 02 Шілде, 2020

Қазақ әдебиеті сынының атасы

Бұрын да, кеңес дәуірі кезінде де барша сыншылардың бірінші ұстазы орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский саналып келді. Белинский сындарын оқымаған, одан үлгі алмаған сыншы болған жоқ. Ал қазақ әдебиетінде сын атасы, бірінші сыншы кім? Сынымыз қай кезден нақты, кімнен бас­тау алады? М.Қаратаевты «Қа­зақтың Белинскийі» санап, ұстаз тұттық. Олай болса, қазақ әдебиеті сы­нының атасы Қаратаев болғаны ма? Әрине, жоқ.

Руханият • 02 Шілде, 2020

Тархан

Боз даланың төсінде тұлпар мініп ту ұстаған, найза ұстап жау алған, қол бастап киелі топырағымызды арам пиғылды дұшпан аяғына таптаттырмай күні бүгінге дейін дін аман жеткізген ұлы бабалар мекені, сол баһадүрлердің кісілік болмысына, пайым-парасатына, ұлылылық тәмсіліне ақау түсірмей дәріптеп келе жатқан тәуелсіз байтақ Қа­зақстанның түгін тартсаң май шы­ғатын қасиетті бөлшегі, толағай табыстың, берекелі ырыстың бас­тауы атанған шырайлы өңірдің бірі Ақтөбе деп білемін.

Қаржы • 02 Шілде, 2020

Шетелге кеткен ақша күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырды

Көлеңкелі экономиканың соңына шам алып түсетін уақыт енді келген сияқты. Өйткені Қазақстанның офшорлық аймаққа жылыстап кеткен капиталының көлемі анау-мынау емес, тура 140 млрд АҚШ долларына жетіпті. Мұндай көлемдегі қаржыны елге қайтарар болсақ, пандемиядан есеңгіреп қалған экономиканы сауықтырып қана қоймай, ауыл шаруашылығында бірнеше өндірістік бағытты жолға қоюға болады.

Президент • 02 Шілде, 2020

Мемлекет басшысы: Назарбаев – әлем мойындаған мемлекет қайраткері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне жариялаған мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірімен бөлісті.