Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23569 материал табылды

Пікір • 10 Шілде, 2020

Дәл қазір керегі – үрейге берілмеу!

Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин кезеңі індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шетелдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды сақадай сай отырып қарсы алуға керекті алтын уақыт еді.

Руханият • 10 Шілде, 2020

Ерекше дарын иесі еді

Өлшеніп берілген ғұ­мыр деген осы екен. Ұлт ру­ханиятының саңлағы, аты-жөні музыка әлемімен біте қайнасқан үлкен тұлға Кеңес ағамыздың да уақыты жетіпті. Қабырғалы қалың елі оның есімін ұмытпайтынын, сондай-ақ осы уақытқа де­йін тыңдармандардың жүре­гін әлдилеп келген әдемі әуен­дерінің де халықпен бірге жасаса беретінін ойлап, дәтке қуат етеміз.

Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Амандыққа ештеңе жетпейді – Нұртөре Жүсіп

"Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа телевизиялық үндеу жасады. Мемлекет басшысы қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың өте күрделі екендігін атап өтті", деп Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп пікір білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 09 Шілде, 2020

Дана Нұржігіт: Індетпен күресте дәл қазір керегі - үрейге берілмеу

"Наурыз айында жарияланған төтенше жағдай мен алғашқы карантин індетке қарсы шараларды шұғыл қолға алып, шет елдік тәжірибелерді ескеріп, көзге көрінбес жауды жауды сақадай сай отырып қарсы алуға керекті алтын уақыт еді. Өкінішке қарай, бүгінгі жағдай отандық денсаулық сақтау жүйесі берілген уақытты тиімді пайдалана алмағанын көрсетіп отыр. Президент індеттің алғашқы күнінен бастап ең ауыр сценарийге дайын отыруымыз керек демеді ме?!", дейді Сенат депутаты Дана Нұржігіт.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Алматы облысында қосымша 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 6 айында олар 300 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шақырулар саны 2 есеге өскен. Бұл жайлы бүгін облыс әкімінің орынбасары атыржан Байжұманов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Алматы облысында 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге үстемақы алды

Үш айдың ішінде облыстағы 3 мыңнан астам медицина қызметкері жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге көлемінде бекітілген үстемақыларын алды. Сол сияқты жергілікті бюджет есебінен 1023 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 137 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Президент • 08 Шілде, 2020

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдайды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында хабарлады.

Қазақстан • 08 Шілде, 2020

Әблязовтың тағы бір сыбайласы сотталды

Халықаралық іздеуден өз еркімен келген М.К. Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық топтағы тағы бір сыбайласы Марат Әуесқановқа қатысты Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Спорт • 08 Шілде, 2020

59 жастағы әйел адам пауэрлифтингпен айналысады

Маңғыстау облысында "Шектеусіз спорт" жобасы жүзеге асырылады, оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пауэрлифтинг секциясы жұмыс істейді.