Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24213 материал табылды

Пікір • 12 Қараша, 2020

Химия өнеркәсібі ел экономикасын алға сүйрейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп мәлімдеп, ұлттық экономикамызды алға сүйрейтін салаларға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы ең өзекті мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті. Осы орайда, отандық химия өнеркәсібінің бүгінгі хал-ахуалы, түйткілді мәселелері, даму келешегі туралы ой-пікіріммен бөлісуді жөн көрдім.

Пікір • 12 Қараша, 2020

Ортақ үйіміз өркендей берсін

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойында мен Қазақстанның 225 мыңнан астам татарлары мен башқұрттарының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекетіміздің дамуына қосқан және одан әрі де қосып келе жатқан зор үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.

Пікір • 12 Қараша, 2020

Тілдің болашағы – баршамыздың қолымызда

Дүниеге орыс болып келсем де, рухым қазақ деп білемін. Себебі көпұлтты Қазақстан елінің перзентімін. Жүзден аса ұлт­тың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жат­қан жердің топырағын басып, суын ішіп өстім. Бала кезден қазақ тілін жетік меңгеріп, бүгінде мемлекеттік қызметте елі­міз­дің дамуына өз үлесімді қосып жүрген азаматтың бірімін.

Оқиға • 12 Қараша, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негі­зін қалаған бейбітшілік пен келі­сім­нің және бірлік саясатының жемісті жетіс­тіктері мен толайым табыстарының жарқын көрінісі.

Президент • 11 Қараша, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарих • 11 Қараша, 2020

Ғұмар Қараштың ұрпақтары

Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет еткен, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі Ғұмар Қараш. Ол XX ғасыр басында қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары Орда, Орал қалаларында Е.Бұйрынмен бірігіп «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.

Әдебиет • 11 Қараша, 2020

Көне сөздер көмбесі

Аба – жылқы терісінен тұтас тігілген жауын-шашыннан қорғайтын жамылғы киім. Аббар – суыт, үдере қозғалу. «Аббар көшіп, шет қонған, жау алдына бет қонған» (Шалкиіз жырау).

Сайлау • 11 Қараша, 2020

«Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы»

Екі мың жиырма бірінші жылғы онын­шы қаңтарда Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.  

Абай • 11 Қараша, 2020

Көкше тұлғалары танымындағы Абай мұрасы

Жалғыз қазақ халқының ғана емес, тұтас адамзаттың мақтанышы Абай Құнанбайұлы шығармаларының құндылығы уақыт өткен сайын артып, ұлтымыз бен әлемнің абыройын асқақтата түскендей. Ақынның биылғы 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейге көтеріліп, онлайн режімде кең көлемде өткізіліп жатқаны мәлім. Абайды тану, оның мұрасын бүгінгі және болашақ ұрпаққа насихаттау – барша Қазақстан азаматының айрықша парызы.

Саясат • 11 Қараша, 2020

Қаржыландыру Африканы қалай сақтап қалады?

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына коронавирус пандемиясынан кейінгі кезеңде атқарылуы тиіс жұ­мыс­­тар жөніндегі екі мақаланы ұсынып отырмыз. Еуро­палық инвестиция банкінің президенті Вернер Хойер бүгінгі жарияланымында қарт құрлықтың қазіргі таң­дағы әлемдік аренадағы жағдайына тоқталады. Оның пайымдауынша, Еуропалық одақ көшбасшыға айналуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Брюс­сель­дегі саясаткерлер қаржыландыру мәселесіне баса назар аударғаны жөн. Африка даму банкінің бастамасымен құрылған Africa 50 инвес­тициялық алаңының директоры Элейн Эбобиссе пост-пандемия кезеңінде қара құрлықты тығырықтан шығаратын жол ретінде активтерді жекешелендіруді ұсынады. Автордың сөзіне сүйенсек, Африка елдерінің басшылары цифрландыруды белсенді жүргізіп, жеке­ше­лендіру мәселесіне ерекше ден қойғаны жөн.