
Парламент • 30 Қазан, 2020
Мәжілісте парламенттік сыйлық тапсырылды
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына Мәжіліс мүсіншесі мен дипломдарды табыстады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Саясат • 30 Қазан, 2020
Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысымен танысты
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Технология • 30 Қазан, 2020
Фрилансерлерге арналған акселератор
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub және Қарағанды «Террикон алқабы» IT-хабымен бірлесіп, биыл 2 қарашадан бастап IT компаниялар мен фрилансерлер үшін акселерациялық бағдарламаны іске қосады.
Экономика • 30 Қазан, 2020
Тауар айналымына фискалдық бақылау әзірленеді
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында фискалдық бақылау тетігін енгізу мәселелері белсенді талқыланып жатыр.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Игі істің жолындағы еріктілердің арасында жүріп-тұруы қиын, сөйте тұра байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғап жүрген мүгедек жандардың көмекшілеріне айналғаны аз емес. Атаулы жылда дәйім жақсылыққа ұмтылатын өңірдегі волонтерлік топтардың саны да едәуір артқаны көп нәрсені аңғартса керек.
Абай • 29 Қазан, 2020
Шайыр шашқан шапағат (Абай өлең арнаған Күленбай болыс кім?)
Ұлтымыздың тарихында әрбір әулеттің атадан балаға жалғасқан өз шежіресі бар. Қазақта ұрпақ жеті атасын білуі керек деген бұлжымас қағида орныққан. Биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтуде. Осы орайда Тобықтының Көкше руында Абайдың әкесі Құнанбаймен қатарлас өмір сүрген Бозанбай бай деген би болған. Құнанбай аға сұлтан болып тұрғанда Тобықты Көкше руын 5 старшынға бөлгені тарихи деректерден белгілі. 3-ші Бірет старшыны (Еспай-Жарылғап елі) Жанатай Жамантайұлы болса, билері Қаратай Сапақұлы, Бозанбай Жарылғапұлы секілді дала даналары болды.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Елімізде індет басталғалы дәрігерлер мен медбикелер аянбай еңбек етіп келеді. Жаңа індетпен, қауіпті дертпен күрестегі күрделі қызметтің ауыртпалығы төл әскеріміздің медицина мамандарына да түсіп отыр.
Тарих • 29 Қазан, 2020
Жақыпбай (Жақпай) әулеті ол кездері Ақсу аумағындағы, Қызылжар аталатын ауылында тұратын ауқатты отбасылардың бірінен еді. Ертіс өзенінің жағалауын мекен еткен жұрт мыңғыртып мал өсіріп, тек жұт жылдары ғана ауа райы қолайлы өңірлерге үдере көшіп, ұзаққа созылған қыс аяқталған соң, ата қоныстарына қайта оралып отырған.
Руханият • 29 Қазан, 2020
Кеңестік билік тарихнамасындағы ұлттар қасіреті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай жариялаған Үндеуі тоталитарлық жүйенің халыққа жасаған қиянаты мен тарих сабағын ұмытпауға қатысты ауқымды іс-шараны көтеріп, ұлтымызға тән сауап пен перзенттік борышты ескеруге ой салуы құптарлық.
Қазақстан • 29 Қазан, 2020
Туымызды неге қастерлей алмай жүрміз?
Күні кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін Twitter-дегі парақшасында жазған болатын.