
Оқиға • 04 Ақпан, 2021
Жем мен Ойыл өзендерінің ағыны азайды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК шаруашылық қызмет пен климаттың өзгеруі жағдайында Жем мен Ойыл өзендері ағынының өзгеруіне талдау жүргізді.
Пікір • 04 Ақпан, 2021
Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды
Әліпби түзуде аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле ережелерінің, ономастикалық атаулардың анықтағыштары, т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастырудың) бастамасы болып саналады.
• 04 Ақпан, 2021
Ұлттық академиялық кітапханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен «Парасат жолы» жобасының таныстырылымы өтті.
Пікір • 04 Ақпан, 2021
Тарихқа сыни көзқарас – тағылым басы
Тарихи сананың қалыптасуына қуатты қозғау салатын дүниелер тек рухани сабақтастықтың нәзік тінін өткенімізбен жалғап қана қоймай, ұлт тарихының бұралаң-бұлтарысты сәттерін объективті бағалауы тиіс. Қазақ хандығы тәуелсіздігінің ақырына жеткен себептерге терең үңілмей, оған тек сыртқы факторлар әсер еткендей біржақты баға беру, тарихты баяндауда өткенге қошемет білдірумен шектелу дұрыс үрдіс деу қиын. Тарих парақтарын сыни ой елегінен өткізу – одан тағылым алудың бірден-бір жолы.
Саясат • 04 Ақпан, 2021
Жұрт санасына сіңірмей болмайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан азаматтардың сенімі мен адалдық пен парасаттылық қағидаларына бейімділігін артыру мақсатында құрылған Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысын қорытындылауға арналған кеңес өтті.
Экономика • 04 Ақпан, 2021
«Көлеңкелі экономикаға» тұсау бола ма?
Бала кезімізден сүйіп тыңдап, оқып өскен халық ертегілерінің көпшілігінде «жеті басты айдаһар», «жеті басты жалмауыз» деген жағымсыз әрі қорқынышты кейіпкерлер болған. Қарапайым халықтың қанын соратын осындай құбыжықтармен алысқан батырлар әлгі тажалдың бір басын шауып түсіріп, енді бір басымен алысып жатқанда ана шабылған бастың орнына жаңа бір бас өсіп шығады екен делінетін.
Руханият • 04 Ақпан, 2021
Көзімді ашып, көңілімді жайлаған
Көптен көріспеген жұрт бір-бірімен жолыққанда жылы ұшырай сәлем беріп, «Мал-жан аман ба?» деп хал сұрасып жатады. Осы бірауыз сөзбен отбасы мен малдың амандығын тегіс сұрап білуінен ата-бабамыздың тілге шеберлігі байқалады. Адамның жасы ұлғайған сайын әр жерің ауыра бастайтыны белгілі. Он екі мүшеңнің сау болғаны баға жетпес байлығың.
Пікір • 04 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай, бірқатар маңызды және нәтижелі жұмыс атқарылды. Мен Ұлттық комиссияның және әліпбиді жетілдіру жұмыстарымен шұғылданатын Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі ретінде осындай шараларға тікелей қатыстым. Ғалымдардың орасан зор жұмыс атқарғанына куә болдым.
Білім • 04 Ақпан, 2021
Аймақтық жоғары оқу орындары іріктеледі
Қазақстанда 15 аймақтық жоғары оқу орны дамытылады. Олар нақты критерийлер бойынша іріктеп алынады. Аталған жоғары оқу орындары дарынды жастарды жинайтын өңірлік орталықтарға айналмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Руханият • 03 Ақпан, 2021
Азамат еді аяулы. Әнес Сараевпен қоштасу
Адамзаттың дұшпаны арсыз ажал тағы бір асылымызды арамыздан алып кетті. Нұр-Сұлтан қаласынан түнқатып жеткен қайғылы хабар Әнес Сараевтың өмірден озғанын жеткізгенде дене мұздап, жүрек сыздап сала берді.