Парламент • 14 Маусым, 2021
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Парламент • 14 Маусым, 2021
Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің мерейтойы біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек екенін жеткізді. Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар рухани өміріне зор ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Оның педагогика саласындағы мол мұрасын талдау әлі де бір ерекше дүние.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Әр адамның жүрек картасында өмiр-бақи ұмытпайтын, әрдайым аялап, қастерлеп жүретiн ыстық нүктелерi болады. Жетiсудың қиян терiскейiндегi Қаратал бойында, көгiлдiр Балқаштың жағасындағы балықшы ауылдары – Фрунзе, Көпбiрлiк мен үшiн, мiне, сондай қасиеттi елдi мекендердiң қатарында.
Қазақстан • 13 Маусым, 2021
Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең
2019 жылғы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен өз еркімен кетті, ал одан кейінгі сайлау жаңа және мүлдем басқа модельдің тууына себепші болды. Бұл жаңа кезеңде 2019 жылғы 9 маусымда Президент сайлауында жеңіске жетіп, 12 маусымда ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың да үлесі бар.
Спорт • 13 Маусым, 2021
Мәжіліс депутаты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың спортшыларын құттықтады
Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубына барып, жаттықтырушылар мен спортшыларды үлкен жетістіктерімен құттықтады.
Қазақстан • 11 Маусым, 2021
ЕҰУ-дың үшінші ғылыми журналы – физика-техникалық факультетінде шығарылатын Еуразиялық физика және функционалдық материалдар журналы («Eurasian Journal of Physics and Functional Materials») Scopus ғылымиметрикалық деректер базасына енгізілді.
Қазақстан • 11 Маусым, 2021
Әуелі өз шаруаларымызды жарылқап алайық...
Түркістан облысының ерте көктемнен бастап тыным таппай еңбектеніп жүрген диқандары егіндеріне ағын су бармай, еңбектерінің еш кеткеніне өкініп, зарын кімге айтарын білмей жүр. Үлкен үміт артып, полиэтилен жапқыштың астына еккен өнімдері қурап, шыққан шығынын қалай қайтарарын білмей отырған егіншілердің жағдайы қиын. Мұндай келеңсіздік жылда қайталанатындығы да белгілі. Шаруалар «ҚазСуШар» мекемесінен жанашырлық күтіп, жалынышты күй кешіп келеді.
Президент • 11 Маусым, 2021
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетел инвесторлары кеңесінің 33-ші пленарлық отырысы онлайн форматта өтті. Шикізаттық емес тауарлардың экспортын дамытуға арналған жиынға ірі трансұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Тарих • 11 Маусым, 2021
Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақ пернелер аралықтарын ешбір мүлтіксіз алады. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 тамырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді. Ахмет ЖҰБАНОВ