Ұстаз • 13 Маусым, 2024
Соғыс және еңбек ардагері, қан майданда Отаны үшін қан төгіп, бейбіт өмірдегі бүкіл саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнаған білім қайраткері, ІІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің, көптеген медальдың иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі Мәткәрім Досжановтың өмір жолы қай қиырынан алып қарасақ та, үлгі-өнегеге толы.
Құқық • 12 Маусым, 2024
Сот сараптамасының сапасы қандай?
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамаларының ғылыми-тәжірибелік орталығында болып, Әділет министрімен және орталық ұжымымен кездесті. Жүздесуге қатысушылар сот-сараптама қызметіндегі заңнаманы жетілдіру және өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Үкімет • 12 Маусым, 2024
Қант қызылшасын өсіруге басымдық беріледі
Вице-премьер Серік Жұманғарин Жетісу облысына жұмыс сапары аясында егіс науқанының қорытындыларымен және шегірткеге қарсы күрес барысымен танысты.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Бас редакторлар клубының басқарма мүшелері сайланды
Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті. Басқосуда белгілі медиаменеджер, Парламент Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай ұйымның атқарған іс-шаралары мен алдағы жоспарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Павлодар облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті
12 маусым күні сағат 11:02-де Екібастұз қаласы, Құдайкөл ауылының маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2024
ҚДБ мен Кореяның қаржы институттары бірлескен меморандумға қол қойды
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) Кореяның экспорттық-импорттық банкімен және K-Sure Корея сауда-сақтандыру корпорациясымен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасты. Құжаттарға қол қою Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында өткізілген Қазақстан-Корея бизнес-форумы аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
Нұртөре Жүсіп Астана әкімдігінің технологиялық колледжінің ұжымымен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Астана әкімдігінің технологиялық колледжінде болды. Сенатор кітапхананың материалдық-техникалық базасымен және кітап қорымен танысты, сондай-ақ білім беру мекемесінің басшылығымен және педагогикалық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 12 Маусым, 2024
Сенатта отандық жылқы шаруашылығын дамыту және қолдау туралы заң қаралды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Орталық Азияның рухани мұрасы туралы туынды қазақ тіліне аударылды
12 маусымда Бішкек қаласында ең ауқымды аймақтық шара – CAMCA форумы өтті. Әлемнің әр түкпірінен аймақтық әріптестікті өзара дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында 200-ден аса көшбасшы тұлға мен CAMCA және ASEAN ассоциациясының құрамына кіретін 10 мемлекет өкілі жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Президент • 12 Маусым, 2024
Президент су тасқыны кезінде көмек көрсеткен корей компаниясына алғыс білдірді
Мемлекет басшысы Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.