Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23659 материал табылды

Қоғам • 04 Маусым, 2021

Ұлтымыз тегімізден аңғарылып тұрса...

«Egemen Qazaqstan» газетінің 2021 жылғы 18 мамыр күнгі нөмірінде мемлекет және қоғам қайраткері Оңалсын Жұмабековтің «Тегімізді жазуды қашан түзейміз?» мақаласы жарық көрген болатын. Республикамызға танымал заңгердің осы өзекті мәселеге назар аударғаны – өте құптарлық.

Фотогалерея • 03 Маусым, 2021

Катонқарағайға барып қайтыңыз

Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Бошай Кітапбаев, Дидахмет Әшімхан сынды тау тұлғаларды тудырған Төр Алтайдың сұлулығына тамсанбайтын адам жоқ. Көрікті табиғаттың баурайында жүріп, оның тылсым сырына үңілудің өзі қандай?! Шығыстағы тұмса табиғат оқырмандардың да көзайымына айналсын деген мақсатпен «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі  Ерлан Омардың Катонқарағайдан жасаған фоторепортажын назарларыңызға ұсынамыз.

Аймақтар • 03 Маусым, 2021

Тиісті жұмыстар жүргізілуде

Осы жылы 27 сәуір күні республикалық Egemen Qazaqstan газетінде аталған басылымның Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Хамит Есаманның «Жері – қазақтікі, жарығы – қырғыздікі» атты мақаласы жарық көрген болатын. Аталған мақалаға байланысты Меркі ауданы әкімдігі тарапынан дайындалған жауапты жолдаймын.

Коронавирус • 03 Маусым, 2021

CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы

Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде арнайы бортпен Алматыға CoronaVac вак цина сының алғашқы партиясы келді. Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған.

Әлем • 03 Маусым, 2021

Құс тұмауының сирек түрін жұқтырған

Қытайдың шығысындағы Жиансу провин­ция­сында 41 жастағы ер адамның құс тұмауын жұқтырғаны расталды. Бұл – H10N3 вирусын адам жұқтырғаны туралы алғашқы дерек.

Президент • 03 Маусым, 2021

Ел экономикасына қосқан үлесі жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады.

Экология • 03 Маусым, 2021

Экологиялық сөмке тігеді

Биыл мамыр айының соңында «Әлеуметтік талдау орта­лығы» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының қатысуымен іске асырылатын «Қазақ­станның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталан­дыру және танымал ету» республикалық жобасы шеңбе­рінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасындағы шағын гранттар конкурсын қорытындылады.

Руханият • 02 Маусым, 2021

«Үлкен Түркістан»: Деректер не дейді?

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі нацистік Германияның Түркістанға қатысты саясаты Түркістан легионы және «Үлкен Түркістан» мемлекетін құру идеясымен байланысты. Түркістан легионының тарихы соғыс тұтқындарына қатысты аса кең де күрделі мәселе болғандықтан, бұл мақаламызда «Үлкен Түркістан» идеясын талдаумен ғана шектелеміз. Шынымен де фашистердің «Үлкен Түркістан» мемлекетін құру жоспары болды ма, әлде бұл да кеңестік тарихнамада орнығып қалған ғылыми негізсіз таптаурын пікір ме?

Руханият • 02 Маусым, 2021

Ұмытылмас тұлғалар

Түймебай мен Тұтқабай Әшімбаевтар – менің туған нағашыларым. Ғұмырымдағы ең жақын адамдарымның бірі болған Түймебай Әшімбайұлымен емен-жарқын, ұзаққа созылатын әңгімелерден менің жадымда оның тұлғалы, қамқор, сезімтал және қашанда айналасындағыларға көңіл бөліп жүретін ерекше кісілік қасиеті қалды.

Әдебиет • 02 Маусым, 2021

Жазушы Оразбек Сәрсенбай туралы бір үзік сыр

Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиет аспанында жасындай жарқ еткен бір шоғыр жас буын жарық жұлдыздардың ортасынан ойып тұрып орын алған Оразбек Сәрсенбай, «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» деп ұлы Абай айтқандай, алғаш қазіргідей қара сөздің емес, сара сөздің саңлағы болып танылғанын көзіқарақты оқырман қауымы жақсы біледі. Білгенде де ақын Оразбектің сол 1962 жылы республикалық жастар газеті «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас Алаш») бетінде жарық көрген «1961 жыл» публицистикалық поэмасы әдебиеттің айналасында жүрген жайсаңдардың өздерінің төбелерінен жай түсіргендей айды аспанға бір-ақ шығарғанынан да, соңы үлкен шу мен дау-дамайға айналғанынан да хабардар болатын.