Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23659 материал табылды

Экология • 02 Маусым, 2021

Киік саны 800 мыңнан асты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдаған киік­тер­­дің популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл тиім­ді­лігі­нің көрсеткіші – аталған жануарлар санының екі жыл ішінде 2 есеге өсуінен көрінеді, яғни киік саны 334 мыңнан 842 мыңға дейін жеткен.

Руханият • 02 Маусым, 2021

Жыр алыбының әдеби хатшысы

Халқымыздың ардақты ақындары­ның бірі, талантты лирик, ғажап аудармашы, білікті әдебиетші, қала­мы жүйрік журналист, қазақ поэ­зиясының көрнекті көркемсөз шебер­лерінің бірі – Ғали Орманов. Ол – жан сырларын, табиғат сипаттарын суреттеген, лирикалық жырларын азаматтық әуендермен тоғыстыра білген толымды ақын. Көптеген өлең­дер жинағының, бірнеше поэма, әңгіме және очерктердің авторы атанған ол Жер жаннаты Жетісу өлкесінде, қазіргі Алматы облысының Қапал ауданына қарасты Ешкіөлмес тауының бауырында дүниеге келген.

Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Ақаулар жойылып, жұмыстар жалғасуда

Ағымдағы жылғы 23 мамыр күні «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші Хамит Есаманның Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі соңындағы №15 шағын аудан тұрғындары тарапынан айтылған кемшіліктер туралы «Тұрғын үйлердің түйінді мәселесі көп» атты мақаласы жарық көрді.

Парламент • 02 Маусым, 2021

Сенат отырысының күн тәртібі қаралды

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюро­сының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 3 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін қарады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қоғам • 02 Маусым, 2021

Ұлттың рухани тірегі

Бүгінде заман ағымы мен уақыт деген өлшемнің талабына сай радио жер бетіне қуатты ақпарат құралдарының бірі ретінде танылып отырғаны бәрімізге мәлім. Сондай радионың бірі әрі бірегейі – биыл 100 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған, кемеңгер қарттың жасына келген Қазақ радиосы.

Тәуелсіздік • 02 Маусым, 2021

Тәуелсіздік және ұлттық тарих

1991 жылы  16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» заң қабыл­да­ды. Бұл – еліміз бен хал­­қы­­мыз­­дың болашақ дамуын, ер­тең­гі тағ­дырын анықтаған аса ма­ңыз­ды, тарихи құжат. Осы құжаттың қабыл­дан­ған күні елімізде жыл сайын ең бас­ты мемлекеттік мейрам – Тәуел­сіздік күні ретінде аталып келеді.

Тарих • 01 Маусым, 2021

Құндақбай мерген

Қазақ неге патшалық Ресейге де, Кеңес өкіметіне де қарсы шықты? Ұлтты момақан етіп суреттеудің де ауылы шындықтан алыс. Қазақ ешқашан емпең қаққан жасық болған емес. ХХ ғасырдың басындағы тарихқа үңілген сайын осыған көзіміз жетіп келеді.

Кино • 01 Маусым, 2021

Қуатты насихат құралы

Қазір әлемдегі бұқаралық қарым-қатынас түрлері ішінде ең көп сұранысқа ие, халықтық сипаттағы ең ықпалды өнер – кино. Оның бүгінгі қоғамдағы орнының айрықша екені де сондықтан.

Кино • 01 Маусым, 2021

Бүгінгі киноның беталысы қалай?

Кино – кез келген ұлттың бет-бейнесін, өмір сүру салты мен ойлау жүйесін, тіпті сол халықтың өткен тарихы мен өткелек жолдарын көрсететін айна іспеттес көркем өнер.

Тарих • 01 Маусым, 2021

Алтынсарин және ұлттық әдеби мұра

Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби-мәдени мұраны зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ фольклорын игеру саласындағы жұмыстар тек жалпылама сипаттан аса алмай қалды десек, тарихи шындыққа қиянат жасаған болып шығатыны анық. Жалпыдан жалқыға қарай даму заңдылығына орай басқа ғылым саласы секілді әдебиеттану да әр халықта өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен қалыптасады. Сол жинау-жариялау, кітапқа басып шығару, мақалалар жазу секілді жалпы мәндегі жұмыстардан ғылыми тұрғыда жүйелеу, әдеби талдауға апаратын жолдар бастау алады.