Үкімет • 07 Қыркүйек, 2021
Сыртқы сауда саясаты мәселелеріне арналды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.Смайыловтың басшылығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында инфляцияға қарсы әрекет ету және елдің ішкі экономикасын қолдау мақсатында дайын өнім өндіруге қажетті тауарлар мен шикізатты экспорттауға бірқатар тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Президент • 07 Қыркүйек, 2021
Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобы Президент Жолдауын іске асыруға кірісті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2021
Израиль тәжірибесі: қандастарға қамқорлықтың озық үлгісі
Әлемнің көптеген елі өздерінің шетелдік отандастарын, яғни отанына оралғандарды және басқа елдерге көшкендерді екіжақты қолдау саясатын белсенді түрде жүзеге асыруда. Осы орайда шетелдердегі отандастарды атамекенге тартуға және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мәселесінде Қазақстан үшін израильдік тәжірибе тиімдірек болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Медицина • 06 Қыркүйек, 2021
Вирусолог мамандарды даярлайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайтын болады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орны осы бағытта магистранттар мен докторанттарды оқытады. Министр әлемдік пандемия эпидемиология және вирусология саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігін айқындай түскендігін атап өтті.
Білім • 06 Қыркүйек, 2021
Жаңартылған білім мазмұны – балабақшада
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі екенін айтқан болатын. Бұл ретте мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді талап ететін терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алып жатыр.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу қажет
«Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру барысы туралы онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда киберспорт дамуы екі мыңыншы жылдарда басталды және аталған индустрия «андеграунд» саласында ғана, яғни ойыншылардың, ынтагер-инвесторлардың және шағын компьютерлік клубтардың қаражаты есебінен ғана әрекет етті. Қазақстандық киберспорттың негізін жергілікті кәсіпкер Мұрат «Arbalet» Жұмашұлы қалады.
Экология • 06 Қыркүйек, 2021
Жуырда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының 30 жылдағы геология саласы туралы» брифинг өтті. Брифингке Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев, Геология комитеті төрағасының орынбасары Алмат Әбдікешов, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Боранбаев қатысты.
Президент • 06 Қыркүйек, 2021
Білікті маман даярлаудағы бірегей бағыт
Қазіргі таңдағы жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық саласы үшін кадр даярлау мәселелерін жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі. Барлық дамыған елде өндіріс пен бизнес үшін кадрлардың негізгі провайдері – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ). Сондықтан ТжКБ ұйымдарына халықаралық қауымдастықтың тарапынан, оның ішінде ЮНЕСКО-ның шеңберінде баса назар аударылуда.
Президент • 06 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы қоғамдағы күрделі мәселелердің шешімін айқындап, бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Президент мемлекетті нығайту кезеңіне басты назар аударып, ірі саяси реформаларды жүзеге асырып келеді.