Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24258 материал табылды

Қазақстан • 04 Қараша, 2021

Ел азаматы, ұлт қайраткері

Досың жайында қаншалықты көп білем десең де, жеме-жемге келгенде ол туралы жазу бөрікпен қағып алатындай оңай шаруа емес екен. Сауытбек жайында бұған дейін де тиіп-қашып жазғанымыз бар.

Әдебиет • 04 Қараша, 2021

Ақселеу туралы аңыз

Саналы ғұмырын қазақ сахарасының сызылған әні мен күмбірлеген күйін зерттеуге арнап, ұлтының жоғын түгендеген Ақселеу Сейдімбек енді біздің ортамызға қайта оралмайды. Бірақ өзі болмағанмен сөзі, өшпес мұрасы соңында қол бұлғап қалды. Соған шүкіршілік етеміз. «Асқар тау алыстаған сайын зорая түседі» деген тәмсіл бар. Ақаңның алып бейнесі күн өткен сайын тұлғалана түсуде. Бүгінгі қазақ қоғамының көзі жеткен шындықтың бірі бұл. Өйткені Ақаңды жоқтап, оның өнегелі өмірін сөз еткен жұртшылық күн өткен сайын көбейіп келеді.

Қазақстан • 04 Қараша, 2021

Тарихи шындыққа зәрулік

Қоғам азық-түлікке, тұрғын үйге, жылу мен суға, денсаулық пен білімге, мәдениетке ұдайы зәру. Осы мақсаттардың ойдағыдай орындалуы – мемлекеттің табысы. Бұл табыстың баянды болуы және еселене түсуі азаматтардың саяси-тарихи санасы мен отаншылдығының берік болуына да тәуелді. Халқы бірегейленіп, ортақ мақсаттарға топтаспаған елдер түптің-түбінде алдына қойған материалдық басымдықтарды орындауға қабілетсіз болып шығады.

Аймақтар • 04 Қараша, 2021

Жабылған жала құрбандары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан комиссия құрылып, іске кіріскен болатын. Бұл орайда еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан архивтерді мүмкіндігінше қайта қарап, ақталмаған азаматтар бойынша бірқатар жұмыс ұйымдастырылып, осы үдеріске барынша ғылым саласындағы қызметкерлерді тарту, жазықсыз жандардың ұрпақтары алдында, мемлекеттік деңгейде ақталу жұмыстарын жандандыру маңызды.

Экология • 04 Қараша, 2021

Каспийдің тұтастығын қалай сақтап қаламыз?

Каспий теңізіне қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Себебі де түсінікті. Қазіргідей алмағайып кезеңде кез келген мемлекет суға қатысты жоба-жоспарлардың соңы сұйылып кетпесе екен деген мүддені ұстанады. Өйткені әлемдегі су тапшылығы анық сезіліп, экология өзгеріске ұшыраған сайын оны үнемдеп, сақтауға, молайтуға деген қажеттілік те артып отыр. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше маңыз беріп отырғаны да сондықтан.

Экономика • 04 Қараша, 2021

Қант қызылшасын өсіру – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі

Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның ішінде отандық қызылша тұқымы шаруашылығын оңтайландыруды арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы ретте қант қызылшасын өсіруге ерекше назар аударыла бастады.  

Қазақстан • 03 Қараша, 2021

Аядай ауылды Алашқа танытқан

Бұл –Үшарал ауылы. Ақбас Алатаудан бастау алатын Талас өзенінің толқынды мол суының саябырсып барып, кең далаға жайылатын етегінде тұрған атақоныс.

Таным • 03 Қараша, 2021

Сөз бастау әдебін ескерсек

Ханымдар мен мырзалар! – деп сөз бастаймыз шаршы топта. Осылай дегеніміз дұрыс па, ойланайық. Талқыға салайық. Бұл «Дамы и господа» деген орысшаның тура аудармасы. Сондықтан «Құрметті ханымдар мен мырзалар» деуді дұрыс деп қабылдап жүрміз. Мүмкін, бұл қателік те емес шығар, бірақ қазақша ойлаудан тыс түсінік.

Қоғам • 02 Қараша, 2021

Тіл реформасы: Жаңғыру және жаңашылдық

Қазақстандағы тілдік реформа еліміз­дің саяси тәуелсіздікке ие болуымен тікелей сабақтас. Тәуелсіздігін жариялаған посткеңестік мемлекеттердің барлығында да саяси, экономикалық реформалар жүргізілді. Ол түсінікті де. Ал тілге келсек, мұндай реформалар әліпби ауыстырумен байланысты болды. Мысалы, әзербайжан, ғағауыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен тілдерінің латын әліпбиіне көшуі тілді жаңғыртудың негізі болды.

Қоғам • 02 Қараша, 2021

Өнегесі, тәлімі оқшау ойшыл...

Кейде алып бара жатқан шаруам болмаса да өзім тәлім алған Қазақ мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетін жападан-жалғыз аралап қайтамын. «Шіркін, анау бір самала залдарда бір кездері қазақ журналистикасының ары мен абыройлары отырып еді-ау» деп ой теңізіне шым батқандай күй кешемін.