20 Сәуір, 2016

Шымкентте мүгедектен пара алған департамент басшысы ұсталды

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016-Para alu. 22АСТАНА. 20 сәуір. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы мүгедек жаннан пара алу барысында ұсталды. Бұл туралы korrespondent.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған департаментті басқаратын Бейбіт Сыздықовқа облыстағы мүгедектерден қаржы жинап келген деген айып тағылды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының мамандары 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған. «Сыздықов аудандық бөлім басшыларымен сөз байласып, еңбекке жарамсыз, мүгедек жандардан мүгедектікке тіркеу үшін немесе оның мерзімін ұзартып беру үшін ақша жинаудың жүйесін құрған», – дейдісыбайластыққа қарсы күрес мамандары. Құқық қорғаушылар ұстайтын сәтте ол мүгедек жаннан 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан. Бұл қаражат үшін ол мүгедектіктің мерзімін ұзартып бермек болыпты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, Бейбіт Сыздықов департаменттің басшылық тізгінін алғанға дейін Отырар ауданы мен Түркістан қаласының әкімі болған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: korrespondent.kz.