Аймақтар • 19 Мамыр, 2024

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

Фото: ТЖ жөніндегі жедел штаб

Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың батыс жақ бетіне жіберілді.

Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының арақашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.

«Жағдай тұрақты, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», делінген хабарламада.

Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер - Атырау жолы арқылы қатынай алады.