20 Сәуір, 2016

Таразда басқарма басшысы парамен ұсталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016-Para alu 11АСТАНА. 20 сәуір. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қамауға алынды. Бұл туралы korrespondent.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Тергеу материалдарына сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, оның орынбасарлары – Р.Бижігітов пен Г.Жақсыбекова, мемлекеттік сатып алулар, техникалық бақылау мен мониторинг бөлімінің жетекшісі Б.Бейсебаев және экономика мен бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы И.Аймагамбетов қызмет бабын асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Олар аймақтағы бас дәрігерлер мен басқа да азаматтардан 300 доллардан 10 мыңға долларға дейін пара алып келген. Сондай-ақ, олар дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша өткен тендерлерді заңсыз жүргізген. Талғат Райымбек. Дерек: korrespondent.kz. Фото: otyrar.kz.