21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №200

319 рет
көрсетілді
42 мин
оқу үшін
2016 жылғы 8 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі Су ресурстарын кешенді пайдалану мен  қорғаудың бас схемасын бекіту туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар су шаруашылығы, табиғат қорғау және басқа да шараларды жоспарлау кезінде Бас схема ережелерін басшылыққа алсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасы Мазмұны Кіріспе. 1. Қазақстан Республикасының аумағын су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандарға бөлу. 2. Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуі. 3. Бар су ресурстары. 4. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануы. 5. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануын бағалау. 6. Экономика салаларының суға қажеттіліктері. 7. Су шаруашылығы есептері мен балансы. 8. Су шаруашылығы есептерінің нәтижесі. 9. Қорытындылар мен негізгі іс-шаралар. Кіріспе Бас схема елдің және жекелеген өңірлердің даму болжамдарын ескере отырып, су шаруашылығы міндеттерін шешу, экономика салаларын су ресурстарымен кепілдік берілген қамтамасыз ету және табиғи экожүйенің тепе-теңдігін сақтау мақсатында әзірленді. Орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін су ресурстарын пайдалануда және басқаруда тиісті өзгерістер мен жаңа тәсілдер талап етіледі. Бас схеманың негізгі міндеті: 1) жерүсті мен жерасты суларының ресурстарын нақтылау және оларды пайдалану деңгейін бағалау; 2) есептік деңгейлерге экономика салаларының суға қажеттіліктерін анықтау болып табылады. Сенімді гидрологиялық ақпарат алу су қажеттілігін қанағаттандыру, тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуде тәуекелдердің туындау ықтималдығын анықтау мақсатында су шаруашылығы есептері мен балансын жүргізу үшін қажет. Су тұтынудың өсуі жалпы республика және экономиканың нақты салалары бойынша ЖІӨ көлемінің болжанатын өсімі бойынша индикативтік көрсеткіштерге сәйкес қабылданды. Есептік деңгейлерге: 1) ретроспективалық (негізгі) деңгей – 1990 жыл; 2) қазіргі заманғы деңгей – 2012 жыл; перспективалық есептік деңгейлерге: 1) жақын арадағы перспектива – 2020 жыл; 2) жоспарланатын перспектива – 2030 жыл; 3) алыс перспектива – 2040, 2050 жылдар қабылданған. 1. Қазақстан Республикасының аумағын су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандарға бөлу Су шаруашылығы бойынша әкімшілік бөлу бірліктерінің бөлінісі негізінде су ресурстары, оларды бассейндік, облыстық, ведомстволық және салалық аспектілерде пайдалану, су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану, экономика салаларын сумен қамтамасыз етуді оңтайландыру мәселелері, су шаруашылығы саласының жұмыс істеуі қаралатын болады. Су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандарға бөлудің негізіне республиканы негізгі өзен су ша­руа­шылығы бассейндеріне гидрографиялық бөлу жатады. Олардың шекарасына салалары бар не­гізгі өзен бассейндері, өзге өзендер бассейндері және ағынсыз аумақтар (өзен аралықтары) жатады. Гидрографиялық қағидат бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сегіз: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас өзен су шаруашылығы бассейндері бар. Осыған сәйкес республика аумағында су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі сегіз бассейн инспекциясы өз қызметін жүзеге асырады: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас. Әрбір бассейн инспекциясының қызмет аймағының шекаралары шегінде салалары бар негізгі өзеннің гидрографиялық бассейнін, өзге өзен бассейндерін, сондай-ақ өзен аралықтарының ағынсыз аймақтарын қамтитын су шаруашылығы аудандары бөлінген. Су шаруашылығы аудандарының шекараларында су шаруашылығы кешеніндегі маңыздылығына қарай су шаруашылығы учаскелері бөлінген. Республика аумағында барлығы 86 су шаруашылығы учаскесі бөлінген. Бір су шаруашылығы бассейні шегінде 5-тен 12-ге дейін және одан да көп су шаруашылығы учаскелері бар. Су шаруашылығы аудандарының шекаралары мен учаскелерін айқындау кезінде су ресурстарын интеграцияланған басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері ескерілді. Барлық су шаруашылығы аудандары мен учаскелері бойынша жерүсті және жерасты суларының ресурстарына баға берілген, су тұтынушылар белгіленді, экономика салалары бойынша қазіргі жай-күйі мен перспективада су тұтыну және су бұру көлемдері айқындалды. Аталған көрсеткіштерді бағалау бассейн бойынша тұтастай қалыптасқан су шаруашылығы жағдайына баға беруге, ағынның артық мөлшері мен тапшылықтарын, перспективада қолданылатын су ресурстарының көлемін айқындауға, су тұтыну шектерін белгілеуге мүмкіндік береді. Республика аумағын су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандастыру карта-схемада (1-сурет) көрсетілген. 1-сурет Қазақстан Республикасының аумағын су шаруашылығы бойынша әкімшілік аудандастыру 2. Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуі Республиканың жекелеген өңірлері бойынша жерүсті және жерасты су ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайы әртүрлі. Жерүсті және жерасты суының жеке ресурстарымен Ертіс өзені, Балқаш-Алакөл бассейндері анағұрлым қамтамасыз етілген. Нұра-Сарысу, Есіл, Тобыл-Торғай бассейндерінде жерасты сулары тапшы болып табылады. Есіл, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Тобыл-Торғай және Нұра-Сарысу бассейндерінің едәуір аумағы жерүсті және жерасты суынан тапшылық көріп жатыр. 2-суретте жерүсті су ресурстарының су шаруашылығы бассейндері бойынша бөлінуі келтірілген. Қытай Халық Республикасының Ертіс және Іле өзендерінен қазіргі су алуын ескерсек, өзендердің және уақытша ағын судың орташа көпжылдық жалпы ағыны 100,58 км3 деп бағаланады, оның 55,94 км3 (55,6 %) республиканың аумағында, қалған бөлігі – 44,64 км3 (44,4 %) оның шегінен тыс қалыптасады. Қазақстанның бір тұрғынына шаққанда су ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші бір тұрғынға тәулігіне 18,79 км3 құрайды. 2-сурет Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейндерінің жалпы жерүсті су ресурстарымен де, өз аумағында қалыптасатын ресурстармен де қамтамасыз етілу үлесі анағұрлым жоғары. Арал-Сырдария бассейнінде ағынның шамамен 80 %, Жайық-Каспий бассейнінде 33 % астамы республика шегінен тыс келеді. Жерасты суларымен қамтамасыз етілу де төмен. Жерасты су ресурстары ретінде барлау жасалған пайдалану ресурстары, яғни экономика салалары іс жүзінде пайдалануы мүмкін су алынды. Жалпы экономика салалары алатын суда каналдарға (Жайық-Каспий, Ертіс бассейндері) су жинауды қамтамасыз ету кезінде берілген шекті ұстау үшін судың берілуі, құйма су қоймаларының (Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Арал-Сырдария бассейндері) толтырылуы, сонымен қатар пайдаланылмайтын шахта-кеніш суларын (Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Нұра-Сарысу және Тобыл-Торғай бассейндері) жинау ескерілмеген. Жалпы су алуда трансшекаралық өзендерге міндетті су жіберу, су пайдаланушылар үшін (су көлігі, балық шаруашылығы) және экологиялық мақсаттарға су ағынының шығындары ескерілмеген. Мұның барлығы әрбір нақты өзен бойынша су шаруашылығы балансын жасау кезінде ескеріледі. Аумақтың су ресурстарымен қамтамасыз етілуінің жалпы бағасы немесе «су тапшылығының көрсеткіші» – бұл су көздерінен алынатын судың қолда бар ресурсының жалпы көлеміне арақатынасы. Қабылданған халықаралық өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы су тапшылығының көрсеткіші жоғары елдердің санатына жатады. 3. Бар су ресурстары Экономика салаларында өзен ағынын пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан бар су ресурстары қызығушылық тудырады. Олардың шамасы су ресурстары мен міндетті ағын шығындарының әртүрлілігі бойынша айқындалады. Су ресурстары су қоймаларының суы мол жылдардағы су ағынын суы аз жылдарға қайта бөлуді, қайтарымды суларды, басқа бассейндерден су ағынын жіберуді, жерасты және басқа да су көздерін пайдалануды ескере отырып белгіленген. Міндетті шығындарға: Қытай Халық Республикасындағы қосымша су тарту, жерасты суларын алу есебінен өзен ағынына келтірілетін нұқсан, тұйық су айдындарына және шектес елдерге міндетті су жіберу (экологиялық, санитариялық) жатады. Қазақстан Республикасының бар су ресурстары перспективада: 1) су аз жылдары 2030 жылғы деңгейде – 10 км3, ал 2040 жылғы деңгейде – 9,9 км3; 2) сулылығы орташа жылы 2030 жылғы деңгейде – 20,4 км3, 2040 жылғы деңгейде – 23,1 км3; 3) су көп жылдары 2030 жылғы деңгейде – 30 км3, 2040 жылғы деңгейінде – 29,7 км3 құрайды. 4. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануы 1. Коммуналдық және өнеркәсіптік сумен жабдықтау мен су бұру 2012 жылы табиғи су объектілерінен ауыз сумен жабдықтау үшін 838,893 млн.м3 алынды. 1990 салыстырғанда су тұтыну 1,68 есе қысқарды, ал халықтың саны 1,01 есе азайды. Су тұтыну өсімі сақталады және 2040 жылғы деңгейде су алу 1276,140 млн. м3 көлемінде күтілуде. Судың үлестік шығыны 1 тұрғынға тәулігіне 60 литрден бастап 250 литрге дейін ауытқиды, бұл тұрғын құрылыстардың жайлылығы деңгейіне және жүйенің техникалық жай-күйіне байланысты. Республикада су ресурстарын анағұрлым маңызды әрі ірі тұтынушылардың бірі өнеркәсіп болып табылады. Оның қажеттіліктері таза жерүсті суын (жалпы су алудың 89,8 %) алу және жерасты көздері (10,2 %) есебінен қанағаттандырылады. Кәсіпорын қызметінің түріне байланысты суды басым пайдалану сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Суды шығындау нормасы өндірістің нақты технологиясына қолданылатын есеп негізінде айқындалады. Су тұтынудың және табиғи су объектілеріне су ағызудың көп көлемі технологиялық процестер мен өндірісте су шаруашылығы схемасының жетілмегенін сипаттауы мүмкін. Бірқатар жағдайда тұтынылатын судың көлемі оның сапасына байланысты болады. Су ресурстарын, әсіресе, өнеркәсіпте үнемдеудің маңызды резерві айналым суымен жабдықтау болып табылады. Оны енгізген жағдайда су алу 5 – 10 есе төмендеуі мүмкін, тиісінше ағызу да азаяды. Қазақстан Республикасы бойынша жүйелі қайтарымды және тізбекті-айналым суымен жабдықтау көлемі 2012 жылы 8308,37 млн. м3, оның ішінде айналым суы – 7556,495 млн. м3, қайтарымды су – 751,875 млн. м3құрады. Перспективада су бұрудың жалпы көлемі – 4718,90 млн. м3, оның ішінде су объектілеріне – 4150,36 млн. м3 күтілуде. Қазіргі жағдаймен салыстырғанда, 2040 жылы қайтарымды және тізбекті-айналым суымен жабдықтау көлемі 1,2 есе өседі және 9760,244 млн. м3, оның ішінде айналым суы – 8895,505 млн. м3, қайтарымды су – 864,739 млн. м3көлемінде күтілуде. Кәсіпорындардың сарқынды сулары су айдындарын ластаудың кең тараған көздерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік, тау-кен және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа, су ластағыштарға қала құрылысы, суармалы егіншілік алқаптары, түрлі тұндырғыштар, қатты, сұйық қалдықтардың және мұнай өнімдерінің қоймалары жатады. Бұрылатын сарқынды сулардың санаттарына негізінен шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік, карьерлік, кеніштік және аралас сулар жатады. Тазалау түрлері: механикалық, табиғи және жасанды-биологиялық. Республика бойынша 2012 жылы су бұру көлемі 4022,729 млн. м3 құрады. Жалпы көлемнен: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан – 430,466 млн.м3 (11 %), өнеркәсіптік – 3592,263 млн. м3 (89 %) ағызылды. Республика аумағында 2012 жылы 609 кәріздік құрылысжай және 387 жекелеген кәріздік желі жұмыс істеді. 2. Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымдарды суландыру Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауда негізгі тұтынушылар – ауыл халқы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін бастапқы өңдеу кәсіпорындары, халықтың жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған үй жанындағы учаскелері болып табылады. Базалық 1990 жылы республикада ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау мен жайылымдарды суландыру қажеттіліктеріне су алу 1092,8 млн. м3 құрады, оның ішінде жерүсті көздерінен 520,7 млн. м3 немесе 47,6 % құрады. 2012 жылы жалпы су алу – 366,0 млн. м3 құрады, оның ішінде жерүсті суынан 108,25 (29,6 %) және жерасты суларынан – 257,75 млн. м3 (70,4 %) құрады. Перспективада 2040 жылғы деңгейде аталған қажеттіліктерге 820,09 млн. м3 көлемінде су алу күтілуде. Ауыл шаруашылығы су тұтынушыларынан су бұру негізінен орталықсыздандырылмай жүзеге асырылады. Ауылда санитария объектілерінің құрылысына тиісінше назар аударылмайды, әзірше сумен жабдықтау ғана басым болып тұр. Сондықтан ауылдық елді мекендерде тұрғын құрылыстарды кәріз жүйесімен қамту деңгейі су құбырымен қамту деңгейінен әлдеқайда төмен болып келеді. 3. Суармалы егіншілік Бассейндерде суармалы егіншіліктің қазіргі заманғы жай-күйін талдау және бағалау Қазақстан жағдайларында жерлерді мелиорациялау егіншіліктің ауа райының қолайсыз жағдайларына тәуелділігін төмендетудің және көкөніс-бақша, техникалық, дәнді дақылдар, жемшөптік ауыл шаруашылығы дақылдарының, тиісінше, мал шаруашылығы өнімдері өндірісі тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мал шаруашылығы үшін астық пен жемшөпті кепілдік берілген өндіру аймағын жасау суармалы жерлердің негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар топырақтың су және жел эрозиясына қарсы күрес, ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механикаландыру, электрлендіру және химиялау, қажетті базаны жасау және суармалы жүйелер құрылысының индустриялық әдістерін игеру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру көзделеді. Барлығы республика бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары 222242,5 мың га немесе бүкіл аумақтың 81,55 % құрайды. Суармалы алаңдар бүкіл ауыл шаруашылығы алқаптарының 1,32 % құрайды. Қазіргі заманғы жағдайларда, алдыңғы кезеңдердегідей, республикада мелиорациялық жұмыстардың негізгі түрі тұрақты және лиманды суару болып табылады. 1990 жылы республикада 3248,5 мың га суармалы алаң болды, іс жүзінде 3064,75 мың га (94 %) суарылатын. 2012 жылы 2909,59 мың га суармалы жер болды, іс жүзінде 1305,06 мың га суарылды. Қазақстан Республикасында суармалы егіншілік анағұрлым ірі су тұтынушы болып табылады. Бұрын сол үшін шамамен 65 % таза су алынатын. Суармалы егіншілікте суды пайдалану тұрақты және лиманды суару қажеттіліктерін қамтиды. Тұрақты суару республикамыздың оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жеткілікті дамыған. Республикамызда лиманды суару да, әсіресе, солтүстік облыстарда дамыды. 1990 жылы тұрақты суару жүйелерінде су беру және суару тәсілдері: 1) машиналық су көтергішті пайдалану – 25,2 %; 2) жаңбырлату – 30 % болды. 2012 жылы осы көрсеткіштер тиісінше 3,9 және 2,5 % құрады, бұл жүйенің қазіргі заманғы суару тәсілдерімен нашар жабдықталғанын көрсетеді. Лиманды суару өзендердің ағысына, олардың саласына және жергілікті ағысына негізделеді. Базалық 1990 жылы лиманды суару алаңдарының жер балансы 928,04 мың га болды, іс жүзінде 761,47 мың га немесе олардың жалпы санынан 82 % суарылды. 2012 жылы іс жүзінде 40,73 мың га немесе базалық жылдан шамамен 3,8 % лимандар пайдаланылды. Одан басқа, 311,98 мың га шабындыққа су жіберілді. Республикада мал басы санының болжанатын өсуі шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сол сияқты облыстардың су шаруашылығы және өзге де ұйымдарының лимандарды пайдалану саясатын түбегейлі қайта қарауын талап етеді. Осыған байланысты қара шөптің негізгі өндірушілері ретінде лиманды суару алаңдарын қалпына келтіру белгіленген. Суармалы егіншілікте су және жер ресурстарын пайдалану перспективасы. Сценарийлер Республикамыздың жер қоры суармалы жерлердің алаңдарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бірақ көптеген бассейндерде бірқатар өңірлердің экологиялық ахуалын сақтап қалу үшін ағынның едәуір көлемін бөлуді талап ететін су ресурстарының тапшылығы тежеуші фактор болып табылады. Қажетті ауыл шаруашылығы өнімін алу, су-жер және еңбек ресурстары, табиғат пайдалану мүдделері бойынша өңірлік міндеттерді негізге ала отырып, республикада суарудың қажетті алаңдары үш сценарий бойынша қарастырылған: 1) бірінші сценарий – «Ең төменгі», ол 2040 жылғы деңгейге дейін өзгеріссіз қалып, суармалы алаңдарды ұлғайтпай, саланы дамытуға негізделеді және 1560,4 мың га құрайды, оның ішінде тұрақты суару – 1391,1 мың га және лиманды суару – 169,3 мың га. Суармалы егіншілікті дамытудың бұл сценарийінде ел халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа және жемістер), ал мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету қиын болады. Бұл сценарий бойынша суармалы жерлер алаңының ұлғаюы мардымсыз (10 % жуық); 2) екінші сценарий – «Оңтайлы», бұл шиеленіскен өңірлерде экологиялық тепе-теңдікті сақтау басымдылығымен су ресурстарын барынша үнемдеуді ескере отырып, суармалы алаңдарды оңтайлы ұлғайта отырып, саланы дамытуға негізделеді. Бұл даму сценарийінде 2040 жылдың соңына қарай халықтың ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал басының жемшөппен ішкі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін барлық суармалы алаңдарды 2210 мың га-ға, оның ішінде тұрақты суаруды – 1800,0 мың га және лиманды суаруды 410 мың га дейін жеткізу қарастырылған. Бұл сценарий бойынша суармалы жерлердің алаңы 40 % дейін көбейеді; 3) үшінші сценарий – «Ең жоғары», бұл ауыл шаруашылығы өндірісі үшін суармалы жерлерді барынша пайдалану басымдылығымен республиканың су шаруашылығы кешенінің экономикасын толық дамытуға негізделеді. Бұл сценарий бойынша ауыл шаруашылығының айналымына республиканың барлық суармалы жерлері – 2692,9 мың га, оның ішінде тұрақты суарудың – 2100,0 мың га және лиманды суарудың – 592,0 мың га жерлері еттің экспорттық әлеуетін ескере отырып, мал шаруашылығына жемшөп базасын жасау үшін қатысуы тиіс. Бұл сценарий бойынша суармалы жерлердің алаңы 70 – 75 % ұлғаяды. Үшінші сценарий бойынша алаңдарды суаратын сумен қамтамасыз ету үшін бізге шектес мемлекеттерден келетін трансшекаралық өзендердің ағынынан су бөлу бойынша мәселелерді, ағынды қайта реттеуді және бассейнаралық жіберуді шешу қажет. Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, суармалы егіншілікті дамытудың «ең жоғары» сценарийі жоғарыда тізбеленген шарттарды орындаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл сценарий елдің экономикалық тұрақтылығы жақсарып, өзендердің трансшекаралық мәселелері шешілетін, ауыл халқының әл-ауқаты жоғарылап, саны өсетін 2030 жылғы деңгейден кейін қарастырылуы мүмкін. Суармалы жерлерді үш сценарий бойынша ықтимал оңалтуды талдау халықты және қайта өңдеу өндірісін су ресурстарын пайдалануды шамалы ұлғайта отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін екінші «оңтайлы» сценарийдің қағидатты басымдығын көрсетті. Су шаруашылығы есептері үш сценарий бойынша суармалы егіншіліктің (тұрақты және лиманды) мынадай алаңдарын негізге ала отырып жасалды: 2020 жылы ең төменгі сценарий бойынша – 13579 мың га, оңтайлы сценарий бойынша – 187,50 мың га, ең жоғары сценарий бойынша – 1960,40 мың га; 2030 жылы ең төменгі сценарий бойынша – 13579 мың га, оңтайлы сценарий бойынша – 1965,40 мың га, ең жоғары сценарий бойынша – 2430,52 мың га; 2040 жылы ең төменгі сценарий бойынша – 1560,4 мың га, оңтайлы сценарий бойынша – 2210,0 мың га, ең жоғары сценарий бойынша – 2692,0 мың га. Әкімшілік облыстардағы бірқатар өзен бассейндері бойынша 2040 жылғы деңгейдегі есептерде суармалы жерлердің максималды алаңдарын және суарылатын сумен нақты қамтамасыз ете алатындарды ғана пайдалану көзделгенін атап өту керек. Бас схемада суаруды қалпына келтіру және реконструкциялаудың қарқыны мен көлемі суармалы егіншілікті дамыту стратегиясына, экономикалық және материалдық факторларды ескере отырып, республика халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді қанағаттандыру қажеттілігіне негізделіп қабылданды. Суармалы жерлерден алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайтуға: 1) ауыл шаруашылығы айналымына қалпына келтірілген суармалы алаңдарды енгізу; 2) қолданыстағы суару жүйелерін техникалық реконструкциялау; 3) агротехникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру есебінен қол жеткізуге болады. Жерүсті ағыны бассейндегі суармалы егіншіліктің негізгі көзі болып табылады. Қазіргі жағдайда (2012 жылы) жерүсті ағынындағы суару алаңы 1257,8 мың га немесе 99,5 % құрайды. 2040 жылғы деңгейге қарай оңтайлы сценарий бойынша жерүсті ағынындағы суармалы алаң 1726,02 ың га құрауы керек, сонымен қатар есептік су жинау 11518,34 млн. м³ көлемінде күтіледі. Жерасты суларын шаруашылықта пайдалануға қарқынды тарту су ресурстарын ұтымды пайдалануға, жерүсті ағынын үнемдеуге бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. Жерлерді суаруға жарамды жерасты суларының көлемі республика бойынша жылына 8,41 км³ құрайды. Жерасты суларын пайдалану Қазақстан Республикасында суару алаңдарын ұлғайту үшін мол мүмкіндіктер ашады. Бас схемада 2040 жылғы деңгейде жерасты суларымен суаруға ұсынылған алаңның барлығы су алу 154,13 млн. м³ болғанда 31,85 мың га құрайды (1,82 %). 2012 жылы коллекторлық-дренаждық сулармен суару 3,41 мың га құрады. Коллекторлық-дренаждық сулар базасында суару оны су көздері бойынша ортақ бөлуде болуы керек (жеткілікті араластыруды ескергенде), бұл жерүсті ағынын үнемдейді. Бас схемада 2040 жылғы деңгейге қарай коллекторлық-дренаждық суларды жинау 90,34 млн. м³ болған кезде 13,85 мың га алаңда пайдалану белгіленеді. 2012 жылы коллекторлық-дренаждық сулармен суару 3,12 мың га құрады. Бірқатар елдерде сарқынды сулар негізінде суару жүйесі жеткілікті дамыған, сондықтан Қазақстан Республикасында да суарудың осы түріне назар аударылуға тиіс. 2040 жылғы деңгейге қарай су алу көлемі 158,63 млн. м³ болғанда алаңдарды кейіннен кеңейте отырып, 29,53 мың га алаңда сарқынды суларды пайдалану көзделген. Суару жүйелерінің техникалық деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіш ПӘК болып табылады. Перспективада 2040 жылға қарай жүйелердің ПӘК – 0,70 дейін өседі, бұл ретте: магистральдық каналдардың ПӘК – 0,92, ішкі жүйе ПӘК – 0,87, егістіктің ПӘК – 0,88 болуы тиіс. Тұрақты суарудың қолданыстағы жүйесін қалпына келтіру және реконструкциялау суару және қоршаған ортаны қорғау кезінде суармалы жерлердің және ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыру, су ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттерді шешуде мелиорацияның маңызды бағыты болып табылады. Барлығы 2040 жылғы деңгейде оңтайлы сценарий бойынша Бас схемада тұрақты суару алаңдарын 1800,0 мың га дейін жеткізу жоспарланған. Суармалы жүйелердің техникалық жай-күйін талдау оларды толық қайта құру талап етілетінін көрсетті. Жүйелердің ПӘК төмен болуы мен бетінің қанағаттанарлықсыз жоспарлануы кейбір учаскелерде судың өндіріссіз жоғалуына әкеледі. 2040 жылғы деңгейге: 1) 535,67 мың га алаңда тұрақты суару жүйесін қалпына келтіру; 2) 632,17 мың га алаңда тұрақты суару жүйесін кешенді реконструкциялау; 3) 316,08 мың га алаңда тұрақты суару жүйесін ішінара реконструкциялау белгіленді. Осы міндеттерге сәйкес қолданыстағы суару жүйелерін реконструкциялау бірінші кезекте жүйелердің ПӘК қазіргі заманғы талаптарды қанағаттандырмайтын алаңдары белгіленген. Перспективада 2040 жылғы деңгейде су алудың есептік көлемі 11188,71 млн. м³-нан 12282,62 млн. м³-ге дейін немесе қалпына келтірілетін алаңдардың 1264,33 мың га -дан 1800,0 мың га-ға (1,4 есе) арту кезінде 1,1 есеге өсуі тиіс. Лиманды суару дүркін-дүркін құрғақшылық болып тұратын алаңдарда, яғни топырақтағы көктемгі ылғалдың шоғырлануы есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының (жемшөптік) үлкен өнімін алуға мүмкіндік беретін жерлерде қолданылады. Перспективада жемшөптің кепілдік берілген көлемінің қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда өсуі мал шаруашылығын дамытуға негіз болып табылады. 2040 жылғы деңгейге қарай лиманды суару алаңын 410,0 мың га дейін жеткізу белгіленеді. Лиманды суарудың техникалық жай-күйін талдау оларды толық қайта құру талап етілетінін көрсетті. 2040 жылғы деңгейге қарай Бас схемада 368,67 мың га алаңда лиманды суару жүйесін қалпына келтіру, оларды 31,0 мың га алаңда кешенді реконструкциялау белгіленді. Тұтастай алғанда, лиманды суару алаңдарының сумен қамтамасыз етілуі есептік режимге, суармалы алаңдардың болуына және кезеңдер бойынша техникалық даму деңгейінен олардың өсу қарқынын негізге алып белгіленген. 4. Өзге де салалар Балық шаруашылығы Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің айдындары, Балқаш көлі, Алакөл көлі жүйесінің, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймалары және халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар басқа да су айдындары кіреді. Каспий теңізін есептемегенде, су айдындарының жалпы алаңы шамамен 5 миллион гектарды құрайды. Қазақстанның балық шаруашылығы мен балық аулауды қарқынды дамыту үшін балық шаруашылығының су қоры бай. Республикамыз халқының болжамды өсуін және ғылымның ұсынылған нормаларын есепке ала отырып, халықтың балық және балық өнімін тұтынуын қанағаттандыру үшін (1 адамға жылына 13,4 килограмм), тауарлы балықты өсіру және оны импорттау көлемін жылына 272 мың тоннаға дейін жеткізу керек. Базалық 1990 жылы балық шаруашылығының мұқтаждықтарына су алу көлемі жылына – 417,74 млн. м³, қайтарымсыз су тұтыну жылына – 282,6 млн. м³, 2012 жылы тиісінше жылына 94,9 және 65,29 млн. м³ құрады. Перспективада 2040 жылғы деңгейге қарай су алу көлемі шамамен жылына – 192,14 млн. м³, қайтарымсыз су тұтыну жылына 127,30 млн. м³ дейін өсуі мүмкін. Тауарлық балық шаруашылығын дамыту әрі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін қалпына келтіру үшін тауарлық балықты емес, сонымен қатар балық өсіру материалдарын да өсіруге маманданған балық шаруашылығын дамыту қажет. Жалпы айтқанда, балық шаруашылығының су тұтыну көлемі көп емес (әсіресе, қазіргі уақытта тұйықталған цикл бойынша балық өсіру технологияларын ескерсек) және шаруашылық тиісінше пайдаланылған кезде судың жетіспеуі мүмкін емес. Рекреациялық сала Рекреация үшін ірі және шағын су объектілері пайдаланылады. Анағұрлым тартымды көлдер – Балқаш, Алакөл, Шалқар, Бурабай көлдер тобы және басқалары, су қоймаларының ішінде – Бұқтырма, Қапшағай, Қаратомар, Қарғалы, Тасөткел және кішілеу су қоймалары. Жағалауы құмды жағажайлармен жалғасқан Каспий теңізі рекреация үшін бірегей су айдыны. Демалыстың белсенді түрін – аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыру үшін республиканың солтүстік және орталық облыстарында белгілі бір қызығушылық тудыратын мыңдаған шағын көлдер бар. Қазіргі уақытта рекреациялық-туристік салада барлық ескерілген мекемелердің түрі шамамен жылына 2 млн. м³ суды тұтынады. Республиканың барлық типтегі рекреациялық мекемелерінің су тұтынуының жалпы көлемі 2040 жылғы деңгейде шамамен жылына 58,58 млн. м³ құрайды. Су бұру көлемі су тұтыну көлемінің 90 % көлемін құрайды. Көл шаруашылығы, өзен және атыраулық экожүйелер, сулы-батпақты алқаптар Республиканың аумағында бірқатар бірегей сулы, ландшафты-экологиялық, атыраулық экожүйелердің және сулы-батпақты алқаптар бар, олар тірі организмдерден және олардың мекендеу ортасынан құрылған табиғи кешенді білдіреді, оларды қалпына келтіру мен сақтап қалу үшін гидрологиялық режимін қалпына келтіру үшін белгілі бір іс-шаралар талап етіледі. Қазақстан жерүсті суларының ерекшелігі ішкі су айдындарының (Балқаш, Арал, Каспий) деңгейі мен тұздылығын ұстап тұруға, сонымен қатар өзен алқаптарының және атыраулардың табиғи жүйесін суландыруға өзен ағынының шектеулі ресурстарының жартысын шығындау қажеттілігі болып табылады. Қазақстан Республикасының су ресурстарының жаңартылатын көлемінің жартысы оның аумағынан тыс қалыптасатындықтан, республика үшін трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарын бірлесіп пайдалану және қорғау мәселелерін реттеудің маңызы өте зор. Бас схемада мынадай объектілер: Ертіс өзенінің алқабы, Шідерті-Өлеңті алқабының аймағы, Сырдария, Іле, Жайық, Нұра өзендерінің атыраулары, Алакөл, Сасықкөл көлдер жүйелері, Қорғалжын көлдер тобы, Торғай өзені бассейнінің сулы-батпақты алқаптары бойынша есептер қарастырылды және жүргізілді. 5. Экономика салаларының су ресурстарын пайдалануын бағалау Ауыз су-шаруашылық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы объектілері үшін су қажеттілігінің үздіксіз өсуі, жерүсті және жерасты суларының қарқынды ластануы, жерасты суларын алудың қоршаған ортаға әсері табиғи ресурстарды, әсіресе, су ресурстарын қорғау проблемаларын маңыздылардың қатарына шығарады. Республикамыздың экономика салаларының қажеттіліктеріне жалпы су жинау 2012 жылы – 17,47 км3, ал басқа да қажеттіліктерді ескере отырып 21,389 км3 құрады. Республикада перспективада халық санының, мал басының және өнеркәсіптік өндірістің артуы күтілуде, осыған байланысты су алу және пайдалану көлемі өседі. Экономика салаларының таза суды 2040 жылғы перспективалық деңгейге дейін алуы республиканың экономика салалары су тұтынуының үлестік көлемі негізінде сумен жабдықтаудың қайтарымды жүйелерін енгізуді, желіде ысыраптарды төмендету есебінен суды үнемдеуді, ПӘК арттыруды және су үнемдейтін технологияларды енгізуді ескере отырып айқындалған. Экономика салаларының 2040 жылғы деңгейге дейін су алу көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген. Перспективалық деңгейлер бойынша су алу серпіні 3-суретте бейнеленген. 1-кесте Экономика салалары су алуының жиынтық көрсеткіштері млн. м3 Көрсеткіштер    Жылдар бойынша су алу көлемдері 1990 жыл    2012 жыл    2015 жыл    2020 жыл    2030 жыл    2040 жыл 1    2    3    4    5    6    7 Су алу жиыны     35573,66    17465,45    20188,62    21004,66    22140,27    23260,19 Коммуналдық шаруашылық    1416,66    843,58    866,63    932,95    1059,26    1281,97 Өнеркәсіп    7110,70    4230,16    4482,23    4696,66    4968,30    5230,65 Ауыл шаруашылығы оның ішінде: тұрақты суару лиманды суару суарылатын шабындық Ертіс өзенінің алқабына су ағызу және Қорғалжын көлдеріне су беру Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жайылымдарды суландыру    26622,63 21539,94 1916,63 2073,26 0,00 479,60 613,20    12255,03 11186,18 152,28 550,53 0,00 267,61 98,43    14642,59 12124,86 408,93 778,39 837,00 364,29 129,12    15114,81 11957,86 686,47 1047,00 857,00 428,56 137,92    15785,97 12082,25 1079,22 1062,00 877,00 540,16 145,35    16382,37 12282,62 1342,62 1062,00 875,00 667,35 152,76 Қабат қысымын ұстап тұру    0,00    38,99    40,94    44,95    49,28    54,50 Балық шаруашылығы    417,74    94,92    118,64    168,67    213,10    242,14 Рекреациялық сала және өзге де  мұқтаждықтар мұқтаждар    5,92    2,76    37,59    46,63    64,36    68,58 3-сурет. Перспективалық деңгейлер бойынша су алу серпінінің көрінісі 6. Экономика салаларының суға қажеттіліктері Қазақстан Республикасының су шаруашылығы кешенінің басты мақсаты халықты және барлық экономика салаларын сапалы сумен қамтамасыз ету, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғау болып табылады. Бас схемада жүргізілген, республиканың су шаруашылығы бойынша көптеген материалдарды талдау нәтижесінде қазіргі уақыт деңгейінде елімізде экономика салаларының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жерасты және жерүсті су ресурстарының жеткілікті көлемде бар екені белгілі болды, бірақ перспективада бұл су ресурстары жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан оларды қайта реттеу және бассейн ішінде ауыстыру талап етіледі. Ағынның су қоймаларымен реттелуі, ағынныңбір бөлігін ірі су тұтынушылар мен шаруашылық-экологиялық жүйелердің алуымен, су бетінің булануынан қосымша шығынымен және басқа да себептермен байланысты антропогендік факторлардың әсерінен Қазақстанның өзен ағыны соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерді. Соңғы он бес жылда су шаруашылығының барлық экономика салаларында пайдаланылатын және бұрылатын су көлемінің орнықты төмендеу үрдісі байқалады. Мұның барлығы өнеркәсіптегі өндірістің төмендеуімен және ауыл шаруашылығында суармалы жерлер алаңдарының едәуір азаюымен сипатталатын республика экономикасының жалпы жай-күйімен байланысты. 2000 жылдан кейін елде экономиканың өркендеуі байқалады, алайда су тұтыну көлемінің елеулі өсуі байқалмайды. Бұл өнеркәсіп өндірісіндегі технологиялық циклда суды ұтымды пайдаланумен және суармалы егіншілікте жалғасып келе жатқан іркілу кезеңімен байланысты. Қазіргі жағдайда негізгі су тұтынушылар өнеркәсіп, қала және ауыл коммуналдық шаруашылығы, суармалы егіншілік қажеттіліктері болып табылады. Бұл үрдіс перспективада 2040 жылға дейінгі деңгейде күшінде қалады. Соған қарамастан, алдағы уақытта тұрақты суару алаңдарын реконструкциялау есебінен өнім өндірудің жалпы көлемінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімін ұлғайту белгіленеді. 2-кестеде Қазақстан Республикасының экономика салаларының 2040 жылға дейінгі перспективада әртүрлі толтыру көздері бойынша суға қажеттіліктері келтірілген. Суға жалпы қажеттіліктер 2040 жылғы деңгейде 23,1 км3 дейін құрайды және ең бастысы жерүсті көздері есебінен (87 – 84 %) қамтамасыз етіледі. Негізгі су тұтынушы ауыл шаруашылығы, ең бастысы, тұрақты суару болып табылады. 2-кесте Қазақстан Республикасы экономика салаларының перспективада (2040 жылды қоса алғанда) әртүрлі толтыру көздері бойынша суға қажеттіліктері млн. м3 Бассейндер    Барлығы    Оның ішінде жерүсті сулары    теңіз және көл сулары    жерасты сулары    шахта­лық-ке­ніштік сулар (пайдалану)    сар­қынды су    коллек­торлық-дре­наждық сарқынды сулар 1    2    3    4    5    6    7    8 2020 жыл Арал- Сырдария    6969,07    6676,24    0    255,28    1,27    36,28    0 Балқаш-Алакөл    4239,06    3581,61    166,97    375,71    0,35    61,33    53,1 Ертіс    4163,34    3934,53    0    224,06    4,75    0    0 Есіл    433,24    375,41    0    52,71    1,53    3,6    0 Жайық-Каспий    2435,27    1007,3    1240,14    168,55    19,28    0    0 Нұра-Сарысу    500,76    364,87    0    81,47    47,86    6,56 Тобыл-Торғай    264,32    220,54    0    36,83    6,95    0    0 Шу-Талас    1885,88    1790,24    0    93,79    1,85    0    0 Барлығы    20890,95    17950,74    1407,11    1288,39    83,84    107,77    53,1 2030 жыл Арал-Сырдария    6875,16    6524,35    0    314,76    1,33    34,71    0 Балқаш-Алакөл    4287,84    3530,2    177,9    436,57    0,38    81,79    61 Ертіс    4522,11    4254,75    0    262,38    4,98    0    0 Есіл    576,21    501,03    0    65,25    1,73    8,19    0 Жайық-Каспий    2858,99    1293,11    1348,74    195,74    21,4    0    0 Нұра-Сарысу    609,88    463,86    0    82,69    52,09    11,25    0 Тобыл-Торғай    2358,61    306,53    0    44,8    7,28    0    0 Шу-Талас    358,61    306,53    0    116,97    2,08    0    5,7 Арал-Сырдария    1931,08    1806,33    0    116,97    2,08    0    5,7 Барлығы    22019,88    18680,17    1526,64    1519,16    91,27    135,94    66,7 2040 жыл Арал-Сырдария    6799,62    6372,11    0    390,59    1,4    35,52    0 Балқаш-Алакөл    4412,61    3531,31    190,39    516,38    0,42    105,12    69 Ертіс    4822,77    4514,45    0    303,14    5,18    0    0 Есіл    818,56    724,8    0    81,31    1,99    10,46    0 Жайық-Каспий    3180,78    1493,07    1423,13    240,84    23,74    0    0 Нұра-Сарысу    686,19    526,86    0    88,99    57,26    13,08    0 Тобыл-Торғай    431,72    369,94    0    53,85    7,93    0    0 Шу-Талас    1980,62    1827,66    0    139,6    2,34    0    11,02 Барлығы    23132,87    19360,2    1613,52    1814,69    100,26    164,18    80,02 7. Су шаруашылығы есептері мен балансы Бұл бөлімнің негізгі міндеттері: 2012 жылғы нақты деректер бойынша қазіргі су шаруашылығы жағдайын бағалау және 2040 жылға дейін даму деңгейінде экономика салаларының және су пайдаланушылардың су қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта республиканың су ресурстарын перспективада ұтымды пайдалануды қарау қажеттілігі негізгі трансшекаралық өзендер ағынының шектес елдерде жылдан жылға қарқынды пайдаланылуына байланысты өзекті болып отыр. Қытай Халық Республикасында Іле, Ертіс өзендерінен су алу көлемін арттырудың жоспарлануына байланысты жақын арада ағынның бірталай азаюы күтілуде. Қазақстан Республикасында су пайдалану және су тұтыну мәселелерін шешу үшін климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты өзендер ағынының өзгеруін есепке алудың, Қазақстан аумағында су үнемдеу технологияларын енгізудің, су қоймаларын пайдалану кезінде су жіберудің оңтайлы режимін айқындаудың, ағынның шығынын бағалаудың және республиканың су балансына әсер ететін басқа да факторлардың маңызы зор. Су шаруашылығы балансын жасау үшін бастапқы деректер екі топқа: кіріс және шығыс бөліктерге біріктірілді. Кіріс бөлігі: 1) өзендердің су ресурстарынан және уақытша су ағындарынан; 2) жерасты және шахта-кеніш суларынан; 3) сарқынды және қайтарымды сулардан; 4) теңіз және көлдердің суларын пайдаланудан; 5) тартылған ағыннан (ағынды ауыстыру) тұрады. Шығыс бөлігі: 1) экономика салаларының су тұтынуынан; 2) су пайдаланушылардың талаптарынан (гидроэнергетика, кеме қатынасы, табиғатты қорғау және басқа су жіберулер); 3) ағын шығынынан; 4) Қытай Халық Республикасының аумағында Қара Ертіс және Іле өзендерінен алынатын судан; 5) Өзбекстан Республикасына және Ресей Федерациясына міндетті берілетін ағыннан; 6) жерасты суларын пайдалану кезінде өзен ағынына келтірілген нұқсаннан тұрады. 1. 2012 жылғы су шаруашылығы балансын талдау Республик