20 Сәуір, 2016

Әйгілі компания мыңдаған қызметкерін қысқартады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016 intelАСТАНА. 20 сәуір. Белгілі Intel компаниясы қызметкерлерінің 11 пайызын, яғни 12 мың адамды қысқартады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Компания басшылығы өткен сейсенбі күні алғашқы тоқсандағы сатылымның тым аз болғандығын әрі қызметкерлер санын қысқарту ауыр болғанымен, осындай қадамға баруға мәжбүр екендігін мәлімдеді. Intel алдағы уақытта компьютердің маңызды чип құрылғысынан бөлек өзге де тауарларды өндірумен айналысады. Ал Associated Press агенттігі бұл корпорацияның 2014 жылы 5 мыңға жуық адамды жұмыстан қысқартқанын хабарлады. Айта кетейік, Intel 1968 жылы құрылған. Кең көлемді электронды қондырғылар шығарушы және компьютерлік компоненттерді, микропроцессорларды, логикалық система жинақтарын өндіреді. Штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Санта-Клара қаласында орналасқан. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».