20 Сәуір, 2016

Босқындар мінген кеме апатқа ұшырады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-04-2016 boskinАСТАНА. 20 сәуір. Мьянма мемлекетінің батыс аймағындағы Ракхайн штатында босқындар мінген кеме апатқа ұшырады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылар 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 60 босқын із-түзсіз жоғалып кеткен. Мәліметтерге сәйкес, су көлігінде барлығы 100 адам болды. Олардың айтуынша жергілікті лагерьден аталған штаттың әкімшілік орталығы Ситуэ қаласындағы азық-түлік базарына бара жатқан. Арнайы құрылған жасақ құтқару амалдарын жүргізіп жатыр. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: tvc.ru.