20 Сәуір, 2016

Елбасы қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевтің туыстарына көңіл айтты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-04-2016AkordaАСТАНА. 20 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елбасы қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Сағидолла Құбашевтің ұзақ жыл түрлі мемлекеттік органдарда қызмет істеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол бірнеше облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Гурьев және Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарып, басқару жұмыстарында шыңдалды. «Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жас буынды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сағидолла Құбашевтің жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Сағидолла Құбашевтің жарқын бейнесі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын айтты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.