20 Сәуір, 2016

Жамбыл облысында 23 465 адамға ақшалай көмек көрсетілді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.04.2016 TAR-2 ТАРАЗ. 20 сәуір. «Жамбыл облысында 2014-2015 жылдар аралығында «Өрлеу» серпінді» бағдарлама енгізіліп, соның аясында 2014 жылдан бері ақшалай көмек тағайындалуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шартты ақшалай көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана тағайындалады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек және әлеуметтік нормативтер бөлімінің басшысы Ғазиза Садырбаева облыста «Өрлеу» бағдарламасы енгізілгелі шартты ақшалай көмекпен 23465 адам қамтылғанын айтты. Бағдарлама аясында 5511 адам немесе жұмысқа жарамды жастағы шартты ақшалай көмек алушылардың 92,3 пайызы, жұмыспен қамту шараларына тартылды. Нәтижесінде облыста табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың үлесі 2014 жылдан бері екі есе қысқарып, 0,4 пайыз болды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 27,2 пайызға дейін төмендеді. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz