20 Сәуір, 2016

Жамбыл өңірінде игерілмеген жерлер қайтарылады

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20.04.2016 TAR-1 ТАРАЗ. 20 сәуір. Жамбыл облыстық жер пайдалану және қорғау басқармасы тарапынан өткен жылы 324 тексерулер жүргізіліп, 186 заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Заңбұзушылықтар бойынша 128 ескерту және 58 адамға 8,3 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін пайдаланбаған 127 адамға бір жылдық ескерту берілді. Ал айыппұл салынған 20 заңбұзушы 2,6 млн.теңге айыппұлды төлесе, 5 адамға қатысты салынған 892 мың теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылуда. Өтініштер мен сұраныстар негізінде осы заңбұзушылықтардың ішінде 3 адамға нысаналы мақсатын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұдан бөлек Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің сұраныс хатына сәйкес жер учаскелерін пайдаланбай отырған 69 жер учаскелері бойынша толық зерделеу және тексеру шаралары атқарылды. Нәтижесінде заңбұзушылық анықталған 23 жер учаскесі бойынша 1 жылдық хабарлама беріліп, әділет мекемесімен ауыртпашылық қойылды. Жалпы Тараз қаласы бойынша осындай 27 кәсіпкерлік мақсаттағы және Меркі ауданында 2 жер учаскесі анықталып және шара қолданылып, тиісті мемлекеттік кірістер басқармасына ағымдағы жылдың 15 ақпанында осы жер учаскелеріне жер салығының 10 есе көбейтілген базалық мөлшерлемесін қолдану ұсынылды. «Ал биылғы жылы 39 тексеру жұмыстары атқарылып, 29 заңбұзушылық фактілері тіркелді. 15 адамға 4,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынса, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбаған 13 адам мен нысаналы мақсатын бұзғаны үшін бір жер пайдаланушыға ескерту және құрылыс үшін арналған жерін пайдаланбаған бір адамға бір жылдық хабарлама берілді»,  деді бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыстық жер пайдалану және қорғау басқармасының басшысы Серікбай Тәпеев. Оралхан Дәуіт.   Дерек, фото: egemen.kz