31 Наурыз, 2016

Нигерияда террорлық шабуылдан 6 адам опат болды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 boko kharamАСТАНА. 31 наурыз. Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Диффа қаласында содырлар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға орнында 6 сарбаз қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды. Лаңкестік әрекеттерін жүзеге асырғаннан кейін жасырынып үлгерген. Қазіргі кезде оларды тікұшақтардың көмегімен іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл жолғы террактіні де «Боко Харам» радикалды ұйымының содырлары жасаған. Айта кетейік, аталған топтың шабуылдарынан 2009 жылдан бері барлығы 20 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың тұрғын түрлі жарақат алған. Олар көбіне Нигерияның солтүстік бөлігінде, Камерун және Чад елдерінде террорлық істерін жүзеге асырады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 112.ua.