31 Наурыз, 2016

Түркияда лаңкестік әрекеттен 7 полицей қаза тапты

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016 turkishАСТАНА. 31 наурыз. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында лаңкестердің шабуылынан 7 полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Лаңкестік әрекеттен 7 полицей қаза тауып, 27 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жарақат алғандардың бәрі ауруханаға жеткізілді», – деді Түркияның даму министрі Джевдет Йылмаз. Лаңкестер жол жиегінде тұрған көлікті жарып жіберді. Дәл осы кезде тәртіп сақшылары мінген автобус өтіп бара жатқан. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жарылысты әзірге ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.