31 Наурыз, 2016

Венгер жазушысы Имре Кертес қайтыс болды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
31-03-2016-jazushyАСТАНА. 31 наурыз. Венгер жазушысы, Нобель сыйлығының 2002 жылғы лауреаты Имре Кертес ұзаққа созылған науқастан кейін, 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Имре Кертес 1930 жылы кедей еврей отбасында туған. Ол жасөспірім шағында, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Освенцим және Бухенвальд концлагерлерінде отырған. Осында көргендері кейін қаламгердің бүкіл өміріне әсер етіп, шығармашылығының негізгі өзегі болды. Жазушының мейлінше кеңінен тараған екі романы – «Тағдырсыз» (1975) және «Тумаған балаға арналған дұға» (1990) әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Бұдан бөлек, «Холокост – мәдениет» (1993), «Ату кезіндегі қаруды қайта оқтауды күтудің тыныштық сәті» (1998) және «Қуғын тілі» (2001) деп аталатын жинақтарға оның лекциялары мен эсселері енгізілген. Жазушы Нобель сыйлығын «жеке тұлға мен тарихтың жабайы арсыздығы текетіресін көрсететін әдебиет» жасаған үшін деген анықтама бойынша алған. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: liventernet.ru.