05 Наурыз, 2016

Тағайындау

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-03-2016-tagaiyndau 01Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Хроника Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі және Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарудан; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, ол ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары лауазымындағы қызметін жалғастыра беретін болады. * * * Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Алексей Юрьевич Волков Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен; Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен; Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.