Оқиға • 02 Мамыр, 2024

Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті қамауға алынды

847 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық 20 жастағы жігіт жедел жәрдем фельдшерін ұрған. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Атырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті қамауға алынды

Фото: Zakon.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 1 мамырда болған.

«Атырау қаласында түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктінің жасы – 20-да. Наркологиялық тексерудің қорытындысымен күдіктінің жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні қамауға алды. Тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.